RU
Толық нұсқаға өту

Руслан Мәдиев пен Хорхе Баталья Испанияда қолғап түйістіреді

06.06.2025, 13:50 606

Руслан Мәдиев пен Хорхе Баталья салмақ өлшеуден сәтті өтті. Екеуі де 63,5 келіні көрсетті. Қос боксшы бүгін Испанияда қолғап түйістіреді. Кәсіпқой бокс кеші Льорет де Мар қаласында болады.

Руслан бүгінге дейін 19 кездесу өткізіп, 17-сінде жеңіске жетті. Ал мексикалық қарсыласының көрсеткіші 16 жекпе-жек, 11 жеңіс. Руслан мен Хорхе арасындағы айқас басты картқа қосылды және 10 раундқа жоспарланып отыр. Мадиевтің алдыңғы жекпе-жегі ақпанда Бангкокта өткен болатын. Ол жерде отандасымыз филиппиндік Али Канеганы төрешілердің шешімімен ұтып, өзіне тиесілі WBA Asia чемпиондық белдігін сәтті қорғады.

Руслан Мәдиев, кәсіпқой боксшы:

- Дайындығымыз өте керемет. Салмақ өлшеу рәсімі ойдағыдай өтті. Енді кәсіпқой рингте жақсы өнер көрсетіп, өз жанкүйерлерімді кезекті рет қуантқым келеді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz