Қазақстандық теннисші Анна Данилина «Ролан Гаррос» турнирінің финалына шықты.
Қазақстандық теннисші сербиялық Александра Круничпен бірге «Ролан Гаррос» жұптық сынының жартылай финалында Ульрикке Эйкери мен Эри Ходзумиді 2:1 (6:7 (5:7), 6:3, 7:5) есебімен жеңді. Осылайша Анна Данилина мансабында үшінші рет «Үлкен дулыға» финалына шықты.
Анна Данилина мен Александра Крунич жұбы финалда Мирра Андреева / Диана Шнайдер (Ресей) мен Сара Эррана / Жасмин Паолини (Италия) арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.
Айта кетейік, финалға шыққаны үшін Данилина мен Крунич жұбы 295 мың еуро ақшалай сыйлық алады.
Prosports.kz
Тегтер #Анна Данилина #Ролан Гаррос #теннис #ҚазақстанPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz