5 финалист, 5 алтын. Қазақстандық боксшылар Нидерландыда өткен халықаралық турнирде керемет нәтиже тіркеді, деп хабарлайды 24kz.
Eindhoven кубогы деп аталатын жарысқа бас-аяғы 10 боксшымыз аттанған. Оның бесеуі финалға шықты және бесеуі де чемпион атанды. Әсіресе, көпшілік 70 келідегі қазақстандық Абылайхан Жүсіпов пен өзбекстандық Асадхужа Муйдинхужаев кездесуін тағатсыздана күткен еді. Кездесу Абылайханның жарақатына байланысты бірінші раундтан кейін тоқтатылды және төрешілер шешімімен жерлесіміз жеңіске жетті. Бұдан бөлек, 50 келіде Дания Сәбит моңғолиялық Баттулга Алдархишигті, 80 келіде Ерасыл Жақпеков украиналық Артур Касиановты, ал, 85 келіде Дәулет Төлемісов тағы бір украиналық Микола Лактионовты жеңді. Аса ауыр салмқатағы Нұрлан Сапарбай германиялық Деннис Окиодан басым түсіп, қоржынымызға бесінші алтынды салды. Сонымен қатар ұлттық құрама еншісінде үш қола жүлде бар. Оны Ертуған Зейнуллинов, Сабыржан Аққалықов және Сағындық Тоғамбай жеңіп алды. Осы жетістіктердің арқасында Қазақстан құрамасы жарыс қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте бірінші орынға жайғасты.
Тегтер #бокс #Нидерланд #халықаралық турнирPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz