RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстан құрамасы өз алаңында Солтүстік Македонияға есе жіберді

10.06.2025, 09:57 657

Солтүстік Македонияға есе жібердік. Футболдан әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Қазақстан және Солтүстік Македония құрамалары кездесті, деп хабарлайды 24kz.

«Астана Аренада» өткен матч көпшілік күткендей тартысқа толы болды. Десе де, бірінші таймда қонақтар сапындағы Александар Трайковски мергендігімен көзге түсіп, осы нәтиже ойын соңына дейін өзгермеді. Біздің жігіттердің жолы болмады деуге келеді. Өйткені Ғалымжан Кенжебек, Максим Самородов және Дастан Сәтпаевтардың соққысы біресе қақпа бағанынан, біресе қақпа жақтауына кері қайтып жатты. Тіпті төреші матч соңында 9 минут қосса да қазақ жігіттері таразы басын теңестіре алмады. Осылайша, 1:0 есебімен Солтүстік Македония жеңіске жетті және турнир тізімінде 8 ұпаймен топ басына шықты. Екінші орында Уэльс командасы болса, Қазақстан үштікті түйіндеп тұр. Ұпай көрсеткіштері, сәйкесінше, 7 және 3. Бізден кейін яғни, төртінші орынға «J» тобының басты фавориті Бельгия құрамасы жайғасты. Олардың еншісінде 1 ғана ұпай бар. Бірақ олар тек 1 ғана ойын өткізгенін де ескеру керек. Ұлттық құраманың келесі матчы қыркүйекте өтеді. Нақтырақ айтқанда, 4 қыркүйек күні өз алаңымызда Уэльске қарсы ойнаймыз.

Әли Әлиев, Ұлттық құраманың бас бапкері:

- Жігіттердің көңіл-күйі жоқ. Осынша мүмкіндікті пайдалана алмағанымыз өкінішті. Матчтың статистикаларын қарасаңыз, басымдық біздің жақта болды. Ұлттық құрама өкілдері менің тапсырмаларымды бұлжытпай орындады. Өз алаңымызда жеңілмеу үшін барымзыды салдық. Айтпақшы, «Астана Арена» жанкүйерлерге лық толы болды. Олардың қолдауы, әрине, сезілді және өз тарапымнан алғыс айтқым келеді. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz