RU
Толық нұсқаға өту

Асхат Тағыберген ұлттық құрама сапындағы мансабын аяқтады

10.06.2025, 11:00 635

Асхат құрамамен қош айтысты. Қазақстан – Солтүстік Македония матчынан кейін ұлттық командамыздың капитаны Асхат Тағыберген кәсіпқой мансабын аяқтайтынын мәлімдеді. Яғни, ұлттық құрама сапындағы соңғы ойынын өткізді.

Айта кету керек, бұл кездесу Асхат Тағыбергеннің 63-матчы болатын. Асхат Қазақстан ұлттық құрамасына алғашқы рет 2014 жылы келді. Будапештте Венгрия құрамасына қарсы жолдастық матчта дебют жасады. 2016 жылы құрамаға оны бас бапкер Талғат Байсуфинов, ал 2017 жылы Александр Бородюк шақырды. Бес жыл ішінде ұлттық құрама сапында 23 ойын өткізіп, бірде-бір гол соққан жоқ. Ал 2023 жылы Дания құрамасының қақпасына мергендігімен көзге түсіп, ұлттық құрамадағы алғашқы голын тіркеді. Алыстан соққан дәл осы голы кейін Пушкаш сыйлығына үміткер болды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz