АҚШ пен Франция боксшылары Астанаға келді.
Бұнда бірер аптадан кейін бокстан әлем кубогы басталады. Бұл отандық спорт үшін өзіндік тарихи оқиға болмақ. Өйткені еліміз алғаш рет World Boxing ұйымының дүнижүзілік додасын қабылдағалы отыр. Қазірдің өзінде оған, 32 елдің құрамалары қатысатыны белгілі. Соның алғашқылары елордаға келіп жетті. Ең бірінші болып Канада құрамасы аяқ басса, артынша АҚШ пен Франция құрамасы табан тіреді. Аталған командалардың ертерек келуі бекер емес. Жарыс алында қазақсандық жігіттермен бірлескен жаттығу өткізуді жоспарлап отыр. Байрақты бәсекенің өзі 30 маусымда басталып, 7 шілдеге дейін жалғасады. Жарыс елорда төріндегі Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында ұйымдастырылады. Келем деушілдерге есік ашық. Яғни бокс жанкүйерлері тегін негізде залға кіріп, тартысты кездесулерді өз көздерімен тамашалай алады.
Сәкен Бибосынов кәсіпқой бокс кешіне қатысады
Сәкен Бибосынов кәсіпқой бокс кешіне қатысады. Қазақстандық былғары қолғап шебері алғашқы жекпе-жегін 20 шілде күні Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында өткізеді. Boxrec порталының ақпараты бойынша Сәкен филиппиндік Кристиан Леганмен жұдырықтасады. Қарсыласы кәсіпқой бокста 10 жекпе-жек өткізіп үлгерген. 6 рет жеңіске жетіп, 4-еуін уақытынан бұрын ұтқан. 1 кездесуінде жеңіліп, 3 кездесуінде тең түскен. Сәкен Бибосынов пен Кристиан Леган жекпе-жегі 6 раундқа жоспарланып отыр. Тағы бір айта кетерлігі, бұл бокс кешін Жапонияның Kameda промоутерлік компаниясы ұйымдастырады. Сәкеннен бөлек бұл кеште біздің бокс жанкүйерлеріне жақсы таныс қырғызстандық Мунарбек Сейітбекуулы мен өзбекстандық Хасанбой Дусматов та шаршы алаңға шығады.
Қазақ қыз-жігіттері әлемдік гран-приде жүлдеге ілікті
Қазақ қыз-жігіттері әлемдік гран-приде жүлдеге ілікті. Таэквондо бойынша гран-при сериясының алғашқы кезеңі АҚШ-тың Шарлотт қаласында өтті. Қазақстан құрамасы аталмыш турнирде үш жүлде жеңіп алды. Әйелдер арасында 49 келіде Нодира Ахмедова күміс жүлде иеленсе, ерлер арасында Тамерлан Тілеулес пен Батырхан Төлеуғали қола жүлдегер атанды. Тамерлан 58 келіде, ал Батырхан 80 келіде сынға түсті. Айта кетейік, ұлттық құраманы бірер ай бүрын тағайындалған бас бапкер Есбол Сұлтанов бастап барды. Дәл осы жарысқа параллель Аустралияда таэквондодоан ашық чемпионат өтті. Халықаралық жарысқа аттанған спортшыларымыз 5 медаль жеңіп алды. Оның екеуі алтын. Яғни әйелдер арасында 53 келіде Әзиза Қаражанова пен ерлер арасында 87 келідегі Бейбарыс Қабылан чемпионе болды. Айдана Сүндетбай күміс, Нұрқанат Қожахмет пен Мерген Ғаниев қола жүлддеге қол созды.
Дзюдодан әлем чемпионаты жалғасып жатыр
Бүгін Максим Мейірлан татамиге шығады. Будапешт қаласында дзюдодан жылдың басты бәсекесі әлем чемпионаты жалғасып жатыр. Оған 93 елден 600-ге жуық қатысушы жиналды. Бүгін жарыстың бесінші күні. Сәйкесінше қос салмақта медальдар сарапқа салынады. Яғни ерлер арасында 90 келідегі, әйелдер арасында 70 келідегі чемпиондар анықталмақ. Ерлер арасындағы сында ұлттық құрама сапындағы Максим Мейірлан бақ сынайды. Белдесулер біздің уақытпен 14:00-де басталады. Айта кетейік, әзірге Қазақстан құрамасы қоржыныда бір күміс қана бар. Оны 48 келіде Әбиба Әбужақынова жеңіп алды. Cоның арқасында жалпы командалық есепте 9-орында тұрмыз. Топ басында Жапония болса, үздік үштікке Франция мен Грузия кірді. Будапеш қаласындағы әлем чемпионаты 19 маусымға дейін жалғасады.
Тегтер #бокс #әлем чемпионаты #АҚШ #Франция #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz