Қоржынымызда 6 медаль. Оның үшеуі алтын. Вьетнамның Вунгтау қаласында күрес түрлерінен 17 жасқа және 23 жасқа дейінілер арасындағы Азия чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды 24kz.
Жарыстың алғашқы күні грек-рим күресі бойынша бәсекелер өтті. Нәтижесінде қазақстандық спортшылар 6 мәрте жеңіс тұғырына көтерілді. Әсіресе, 60 келіде Исхар Құрбаев, 67 келіде Бағдат Сабаз және 77 келіде Ақжан Ықыласов сияқты балуанлар барлық қарсыласын айқын басымдықпен ұтып, Азия чемпионы атанды. Бұған қоса, ұлттық құрама өкілдері 2 күміс пен 1 қола жеңіп алды. Атап атйқанда, ауыр салмақтардағы Юсуф Мациев пен Джохар Узаров финалда есе жіберіп, күміске қол созса, 82 келідегі Диас Қалтай үздік үштікті түйіндеді. Енді бүгін қалған салмақтардағы белдесулер болады. Оның ішінде Ерасыл Мамырбеков, Ондасын Хамитов, Серғазы Әбдіхадыр және Мақсат Сайлау сияқты жерлестеріміз бозкілемге шығады. Одан кейін қыздар күресі жәіне еркін күрес бойынша сындар өтеді. Вунгтау қаласындағы жарыс 26 маусымға дейін жалғасады.
Тегтер #грек рим күресі #Вьетнам #Азия чемпионаты #Қазақстан құрамасыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz