Қостанайдағы Қадырбек Оспанов атындағы спорт кешені қайта пайдалануға берілді.
Күрделі жөндеуден кейін ғимарат қажетті құрал-жабдықтармен толық жарақталды. Соңғы екі-үш жылда облыста осындай бірнеше спорт нысандарының іске қосылуы арқасында салауатты өмір салтын ұстанушылардың да саны артқан. 20 жылдан артық жөндеу көрмеген Қостанайдағы №1 балалар және жасөспірімдер спорт мектебін қалпына келтіруге бюджеттен 1,5 милрд теңге бөлінген. Қайта жаңартылған нысанда спортты жанына серік еткен жеткіншектер тегін жаттығады.
Нұржан Ермағамбетов, №1 балалар және жасөсіпірімдер спорт мектебінің директоры:
- Біздің мектебімізде спорттың 5 түрінен 1,5 мың бала дайындалады. Баскетбол, гандбол, қол добы, сонымен қатар велоспорт, триатлон, жүзу. Бокс залы да бар. Іші өте керемет. Барлық стандарт бойынша жасалған.
«Спорт мектебі тәрбиеленушілерінің жартысына жуығы суда жүзумен айналысады. Сондықтан бассейіннің барынша талапқа сай болуы маңызды», -дейді жаттықтырушы Сергей Горощеня.
Сергей Горощеня, суда жүзуден аға жаттықтырушы:
- Балалар көп. Осы жағдай ескерілсе керек, онша терең емес. Аяққа тұрып, жүзу тәсілдерін үйренуге ыңғайлы.
Соңғы үш жылда облыста 20 ірі спорт нысаны салынды. Дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінен тыс, жабық хоккей корты, ат манежі пайдалануға берілді. Соның жартысынан астамы ауылды жерлерде бой көтерді.
Елена Киреева, Спорт және дене шынықтыру басқармасы басшысының орынбасары:
- Жаңа нысандарының ашылуы бұқаралық спорттың дамуына игі әсер етті. Бүгінде облыс тұрғындарының 44,5 пайызы спортпен тұрақты түрде айналысады. Бұл шамамен 368 мың адам. Соның 18 мыңнан астамы балалар мен жасөсіпімдер.
Ал Арқалықта өңірде бұрын-соңды болмаған спорт-интернат салынып жатыр. Іргесінде күрес, бокс залдары болады. Балалардың кәсіби тұрғыда спортпен шұғылдануына барлық жағдай жасалады.
Өміржан Әбдібеков, Арқалық қаласының Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының міндетін атқарушы:
- Интернат 120 балаға арналады. Спорт, өнері бар бала осында оқып, осында жататын болады. Ол құр Арқалық қаласының тұрғындары емес, жақын арадағы Жангелді, Амангелді, сол елдердің спорт дарынды балалары осында келіп жатуға болады.
Облыста барлығы 1400-ге жуық спорт нысаны бар. Сұраныстың артуымен бұл бағытта құрылыс жұмыстары әлі де жалғасады. Таяу жылдары 5 спорт кешенін салу жоспарланып отыр. Оның біреуі мүгедектігі бар жандарға арналады.
Мағауия Қалиев, Ермек Мухамедьяров
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #спорт #Қостанай #балалар #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz