Қазақстандық теннисші, әлемнің 275-ракеткасы Зарина Дияс Испанияның Таусте қаласында өткен турнирде чемпион атанды.
Жарыстың 2-ракеткасы болып тіркелген ол финалға дейін іркілмей жетті. Соңғы бәсекеде Зарина әлемдік рейтингіде 446-орында тұрған италиялық Дилетта Керубинимен кездесті. 3 сетке созылған шешуші ойында Зарина Диас 2:1 есебімен жеңіске жетті. Айта кеткен жөн, жарыс кезінде отандық спортшы төрт қарсыласын тізе бүктіріп, тек бір мәрте есе жіберді.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #спорт #теннис #Зарина Дияс #Таңдаулы
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz