RU
Толық нұсқаға өту
olympic.kz

Гимнасшы Ақмарал Ерекешева әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

22.06.2025, 17:35 555

Софияда (Болгария) көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының жекелей бағдарламасы бойынша финалдық кезеңі басталды, деп хабарлайды olympic.kz.

Қазақстандық гимнаст Ақмарал Ерекешева үш бірдей финалға бірінші орынмен жолдама алып, екі жүлдеге ие болды.

Доппен көрсеткен өнері үшін Ерекешева 26.150 ұпай жинап, әлем чемпионы атанды.

Сондай-ақ ол шығыршықтағы жаттығуда 26.950 ұпай жинап, күміс медаль жеңіп алды.

Айта кетейік, 22 маусымда Ақмарал Ерекешева таспамен, ал Айғаным Рысбек былғары ұршықтармен жаттығу финалына қатысады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz