RU
Толық нұсқаға өту
olympic.kz

Александр Бублик ATP 500 турнирінің жеңімпазы атанды

22.06.2025, 19:53 536

Теннистен Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Александр Бублик Германияның Галле қаласында өткен ATP 500 сериясындағы турнирдің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды olympic.kz.

Финалдық кездесуде қазақстандық теннисші қазіргі уақытта әлемдік рейтингте 11-орында тұрған Даниил Медведевтен басым түсті. Айта кетейік, Медведев - US Open турнирінің жеңімпазы.

Шешуші матч 6:3, 7:6 есебімен Бубликтің пайдасына аяқталды.

Сонымен қатар турнир барысында Александр Бублик әлемнің бірінші ракеткасы саналатын италиялық Янник Синнерді де жеңіп шыққанын атап өткен жөн.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz