33 елдің үздіктері Астанаға жиналады. Тура бір аптадан кейін бокстан Әлем кубогі басталады.
Бұл отандық спорт үшін өзіндік тарихи оқиға болмақ. Өйткені еліміз алғаш рет World Boxing ұйымының дүнижүзілік додасын қабылдағалы отыр. Қазірдің өзінде оған 33 елдің құрамасы келетіні белгілі. Байрақты бәсекенің өзі 30 маусымда басталып, 7 шілдеге дейін жалғасады. Жарыс елорда төріндегі жекпе-жек сарайында ұйымдастырылады. Ел намысы қорғайтын спортшылардың алдын ала тізімі жарияланды. Қазір ерлер құрамасы Астана қаласында, ал әйелдер құрамасы Алматы облысында жаттығып жатыр. Қазақстан бокс федерациясының бас хатшысы Мерей Ақшалов ұлттық құрама өкілдері ел үмітін ақтап, жалпы командалық есепте бірінші орын алады деген сенім білдірді.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Астана #бокс #спорт #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz