Қостанай облысында энергетика саласының мамандары өзара жарысып, кәсіби біліктілігін сынға салды.
Қатысушыларға электр желілерінен ақау тауып, оны жылдам жөндеу туралы тапсырма берілді. Бәсекеде тек кәсібилік ғана емес, еңбек қауіпсіздігі талаптарын сақтауға да ерекше назар аударылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай жарыстар жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға көмектеседі. Айта кетейік, бүгінде өңірде энергетиктер жетіспейді. Әсіресе Ресеймен шекаралас аудандарда тапшылық қатты байқалады.
Дидар Аманжолов, "ЭПК-Forfait" ЖШС бас директоры:
- Біз Қостанай облысындағы барлық жоғары оқу орнымен және колледждермен меморандум жасадық. Білім ошақтарына түскен студентті бастапқы кезеңнен қамқорлығымызға алып, сүйемелдейміз. Олар жыл сайын біздің мекемеде өндірістік тәжірибеден өтеді. Өзіміздің оқу орталығымыз бар. Сол жерде сабақ өткізіп, шеберлік дағдыларын дамытамыз. Осы арқылы кадр тапшылығын шешуге тырысып жатырмыз.
Тегтер #Қостанай облысы #энергетика #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz