Бүгін Назым Қызайбай мен Абылайхан Жүсіпов шаршы алаңға шығады. Бірер сағатан кейін Астанада бокстан Әлем кубогы басталады.
Айта кету керек, еліміз алғаш World Boxing ұйымының дүниежүзілік додасын қабылдап жатыр. Оған 30-дан аса елден 300-ге жуық қатысушы жиналды. Жеребе тарту рәсімі нәтижесінде жарыстың алғашқы күні 5 боксшымыз жұдырықтасатын болды. Атап айтқанда, әйелдер арасында ең жеңіл салмақта Назым Қызайбай канадалық Пианха Дхилонмен кездеседі. Әнел Сақыш германиялық, Виктория Графеева жапониялық, ал Наталья Богданова үндістандық спортшылармен жолығады. Ал ерлер арасында 70 келідегі Абылайхан Жүсіпов қырғызстандық Алмаз Оразбековпен қолғап түйістіреді. Жарыстың ашылу салтанаты 13:00-ге жоспарланған. Ал шаршы алаңдағы айқастар екі сессияға бөлінген. Яғни күндізгі сессия 14:00-де, кешкі сессия 19:00-де басталады. Байрақты бәсеке Астана төріндегі жекпе-жек сарайында өтеді. Бокс жанкеүйерлері үшін кіру тегін. Жарыстың жалпы қорытындысы 6 шілдеде белгілі болады.
Төрехан Сабырхан: Бапкер шешімі – біз үшін заң
Бапке шешімі – біз үшін заң. Әзірге өз салмағымда екінші нөмірлі спортшымын. Бокстан ұлттық құрама мүшесі Төрехан Сабырхан осындай мәлімдеме жасады. Көпшілік оны Астанада өтетін Әлем кубогына қатысады деп күткен еді. Тіпті бас бапкер қайрат Сәтжановтың өзі 70 келіде тізімге Абылайхан Жүсіпов пен Төрехан Сабырханды қатар қосқанын мәлімдеді. Бірақ жарысқа бір күн қалғанда Абылайхан өнер көрсететді деген шышім қабылдады. Ал Төрехан өз кезегінде шаршы алаңға шығатындарға сәттілік тілеп, бапкерлердің шешімі біз үшін заң деген пікір білдірді olympic.kz сайтына берген сұхбатында.
Төрехан Сабырхан, ұлттық құрама мүшесі:
- Алдағы жарысқа мен қатыспаймын. Бұл жолы 70 келі салмақ дәрежесінде Абылайхан ағамыз бақ сынайды. Оның тәжірибесі мол. Сондықтан бапкерлер штабы дәл осы жарысқа шығаруды жөн деп тапты. Әрине, бапкердің шешімі – біз үшін заң. Әзірге мен осы салмақ дәрежесінде екінші нөмірлі спортшымын. Алда 22 жасқа дейінгілер арасындағы Азия чемпионаты бар. Сол жарысқа қатысуым мүмкін.
«Қайрат» ел чемпионы атанды
«Қайрат» ел чемпионы атанды. Футзалдан Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті. Биыл бас жүлдені «Қайрат» және «Семей» клубтары өзара сарапқа салған болатын. Финалдық матчтар бір команданың үш жеңісіне дейін жалғасады. Яғни қос команда кездесулер сериясын өткізуі керек. Міне, аталмыш матчтардың нәтижесінде алматылық «Қайрат» 3:1 есебімен алға шықты. Осылайша олар ел чемпионатында 21-ші рет топ жарып отыр. «Біздің клуб 21 мәрте ел чемпионы атанды – бұл рекорд, бұл тарих! Осы жолда бізбен бірге болған барлық жанкүйерлерге алғысымыз шексіз», – деген жазба жарияланды клубтың әлеуметтік желідегі парақшасында. Сонымен «Қайрат» ел чемпионы. Күміс «Семей» клубына, ал қола «Атырау» командасына бұйырды.
Тегтер #Астана #Әлем кубогы #бокс #Назым Қызайбай #Абылайхан Жүсіпов #24KZ #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz