Бас қалада баскетбол турнирі басталды.
Үміт кубогі деп аталатын республикалық сайыста, балалар үйінің тәрбиеленушілері бақ сынайды. Бұл бәйге Халық банкінің қолдауымен Халық лигасы жобасы аясында ұйымдастырылып отыр.
Халық лигасы. Үміт кубогы. Баскетболшылар бәйгесі биыл 17-мәрте ұйымдастырылып отыр. 2005 жылы бастау алған сайысқа бүгінге дейін бас-аяғы 4 мыңнан астам адам қатысқан. Осынша уақытта лига сабынан 6 спорт шебері, 60 спорт шеберлігіне үміткер шыққан.
Үсен Абдуллаев, HALYK BANK АҚ АҚФ бас менеджері:
- Бұл халық лигасы 2005 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Алайда, пандемия кезінде осы жобасы уақытша тоқтатылды. Енді біздің банктің 100 жылдығына орай біз бұл жобаны қайта жандандыруға шешім қабылданды. Халық банкінің арқасында және баскетбол федерациясының арқасында өтіп жатыр.
Ал биылғы бәйгеде 300-ден аса ойыншы бақ сынайды. Бас-аяғы 16 аймақтан 18 ерлер, 9 әйелдер құрамасы қатысып жатыр. Бұлардың барлығы дерлік балалар үйінің тәрбиеленушілері.
Эльвин Алиев, жаттықтырушы:
- Балалар бұл турнирді ұзақ күтті. Жыл сайын қатысып келеміз. Алғаш рет жарыс алаңына шығып тұрған ойыншылар да бар. Дайындық жұмыстарын тыңғылықты жүргіздік. Өзге өңірлерден келген ойыншылармен танысып, тәжірибе алмасу басты мақсатымыз. Жеңістен де үміттіміз.
Тартысқа толы турнир жеті күнге жалғасады. Сайып келгенде сайыс ережесіне сай үздік үштік анықталалады. Сондай-ақ озық ойын көрсеткен спортшыларға түрлі номинациялар беріледі.
Шернияз Жалғасбекұлы, Мерей Талап, Жанаман Ергалиев
Тегтер #Астана #баскетбол #турнир #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz