RU
Толық нұсқаға өту
t.me/olympickz

Бокстан Әлем кубогы: Елдана Тәліпова финалға жолдама алды

04.07.2025, 20:30 456

Қазақстандық Елдана Тәліпова бокстан Астанада өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде финалға жолдама алды.

80 келіден жоғары салмақ дәрежесінде өнер көрсететін спортшы турнирді бірден жартылай финалдан бастады.

Тәліпованың алғашқы қарсыласы Өзбекстан өкілі Олтиной Сотимбоева болды.

Үш раундтың қорытындысы бойынша Елдана Тәліпова жеңіске жетті.

Осылайша, ол Қазақстан құрамасы сапынан алғаш болып Әлем кубогының финалына шықты.

t.me/olympickz

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz