Астанадағы «Қазақстан» спорт кешінінде ауыр атлетикадан жастар арасында Азия чемпионаты басталды, деп хабарлайды 24KZ. Жарыс 10 шілдеге дейін жалғасады. Дүбірлі додада бас-аяғы 25 елден келген 300 астам атлетші бақсынап жатыр. Оның 36-сы отандастарымыз. Қатысушылар ауыр атлетиканың жұлқи және серпе көтеру түрінен өзара мықтыны анықтайды.
Айтайық, Қазақстан мұндай ірі халықаралық жарысқа соңғы рет 2014 жылы Алматыда өткен әлем чемпионатында қатысқан еді.
Мұхаммед Джалуд әл-Шаммари, Халықаралық ауыр атлетика федерациясының президенті:
- Қазақстан ұйымдастырған бұл турнир жоғары деңгейде өтіп жатыр. Бұл лайықты деңгей. 2028 жылы Астанада тағы бір халықаралық шара жоспарланып отыр және сіздер оны қабылдауға толық дайынсыздар. Біз әрбір спортшыға жанкүйерміз және нағыз мықтылар жеңіске жетсін деп тілеймін!
Бұдан бөлек, байрақты бәсекенің ашылу салтанатында бірнеше спортшы марапат төрінен көрінді. Солардың бірі – Нұрғиса Әділетұлы.
Нұрғиса Әділетұлы, ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының спортшысы:
- Ауыр атлетика спорт түрімен 2012 жылдан бері айналысамын. Айналысып келе жатқаныма қазір 13 жыл болды. Осы жыл аралығында Қазақстанның 13 дүркін және ерексектер арасында Азия чемпионы, ересектер арасында әлем чемпионы және Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шеберімін. Аллаға шүкір, мінекей, І дәрежелі «Құрмет» орденін алып отырмын. Онымен қоймай, Геннадий Галовкиннің қолынан алып отырмын. Бұл мен үшін мәртебе.
Тегтер #ауыр атлетика #Азия чемпионаты #Астана #24KZ #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz