RU
Толық нұсқаға өту

Алуа Балқыбекова бокстан әлем кубогінің күміс жүлдегері атанды

06.07.2025, 23:20 547

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының сапында өнер көрсететін Алуа Балқыбекова елордада өтіп жатқан Әлем кубогі кезеңінің финалында жеңіліп қалды.

Алуа Балқыбекова 51 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады. Ол финалдық кезеңде Финляндия боксшысы Пихла Кайво-Оямен өзара мықтыны анықтады.

Жекпе-жек тең дәрежеде өтті. Дегенмен, төрешілердің шешімі бойынша Финляндия боксшысы алтын жүлдегер атанды.

Осылайша Алуа Балқыбекова Қазақстан құрамасының қоржынына екінші күміс медальді салды. Бұған дейін Нұрбек Оралбай (80 келіге дейін) екінші нәтиже көрсеткен болатын.

Olympic.kz

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz