RU
Толық нұсқаға өту
фото: olympic.kz

Әлихан Әскербай ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды

07.07.2025, 15:47 689

Әлихан Әскербай үш әлем рекордын жаңартып, ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында топ жарды.

Бұл туралы Olympic.kz хабарлайды.

Қазақстандық ауыр атлет Әлихан Әскербай Астанада өтіп жатқан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.

Сонымен қатар спортшы үш Азия рекордын және үш әлем рекордын жаңартты.

Қоссайыстың қорытындысы бойынша қазақстандық зілтемірші 310 (141+169) келіні еңсерді. Жасөспірімдер арасындағы жарыста ол бірінші орынға ие болды.

Сондай-ақ, Әлихан Әскербай жастар арасындағы Азия чемпионатында да жүлдегер атанып, қола медальді еншіледі.

Айта кетейік, бұған дейін ел қоржынына екі медальді Ксения Прозорова салған болатын. Ол U17 санатында бірінші орынға ие болып, 20 жасқа дейінгі атлеттер арасында күміс жүлдегер атанды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz