«Болашақ ойындарының» сыйлық қоры 10 млн АҚШ долларын құрады.
Бұл туралы «Қазспортинвест» акционерлік қоғамының президенті Әлібек Хасенов хабарлады. Халықаралық фиджитал ойындары келесі жылы Астанада 18 шілде мен 1 тамыз аралығында өтеді. Оған 100-ден астам елден 1,5 мыңға тарта спортшы қатыспақ. Олар екі апта бойы фиджитал спорттың 13 түрінен бақ сынайтын болады. Оның ішінде фиджитал- футбол, файтинг, дэнсинг, хоккей және дрондар жарысы бар. Қазіргі таңда халықаралық комиссия елордадағы ірі спорттық нысандарды арнайы тексерістен өткізіп, дайындығын бағамдап жатыр. Ұйымдастырушылар халықаралық ойындарды өткізуге қажетті қаржы мөлшері әлі анықталмағанын айтады. VR, AR секілді арнайы платформаларды орнатудың мүмкіндіктері қарастырылған соң белгілі болмақ.
Серік Жарасбаев, ҚР Туризм және спорт вице-министрі:
- Біздің алдымызда Қазақстан жаһандық диджитал қоғамдастығына тарту, көшбасшылық позицияны иелену және Қазақстанда спорттық фиджитал ұзақ мерзімде дамуы үшін негіз қалпыстастыру өзекті міндеті тұр. Біздің қазіргі мақсатымыз – қозғалыстың әлемдік фиджиталдың көшбасшысына қосылып, Қазақстанның осы салада көшбасшылық позициясын қамтамасыз ету.
Тегтер #Астана #Болашақ ойындарыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz