Тобыл қаласында өрттен құтқару спорты бойынша ел чемпионаты басталды, деп хабарлайды 24KZ. Оған әр өңірдегі Төтенше жағдайлар департаментінен келген 500 шақты қызметкер қатысып жатыр.
Жарыстың алғашқы күні ерлер мен әйелдер биік мұнараға көтерілуден, ал жасөспірімдер кедергілері бар 100 метр қашықтыққа жүгіруден сынға түсті. Чемпионат 19 шілдеге дейін жалғасады. Осы аралықта құтқарушылар 4 жаттығу түрі бойынша мықтыларды анықтайды. Үздіктер ұлттық құрама сапына қосылып, халықаралық додаларда ел намысын қорғайды.
Дәурен Данаев, ҚР ТЖМ «Өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың спорт федерациясы» ҚБ атқарушы директоры:
- Ерлер арасында 31-ші, әйелдер арасында 11-ші және жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында 14-ші чемпионат өтіп жатыр. Осы чемпионатта бізде іріктеу жұмыстары жүріп жатыр. Ерлер мен әйелдер арасындағы әлем чемпионаты Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында қазан айында өтеді.
Тегтер #Тобыл #құтқарушылар #Қазақстан чемпионаты #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz