RU
Толық нұсқаға өту

Теннистен аймақтардың үздігі анықталды

17.07.2025, 10:15 403

Бүгін «Ақтөбе» мен «Ордабасы» еурокубоктағы қарымта матчтарын өткізеді.

«Ақтөбе» Еуропа лигасының іріктеу кезеңі аясында польшалық «Легияны» қабылдайды. Алғашқы мачта қазақстандық клуб 1:0 есебімен есе жіберген болатын. Ал «Ордабасы» Конференциялар лигасы аясында өз алаңында грузиялық «Торпедомен» жолығады. Бұнда да алғашқы мачта қазақстандық клуб 4:3 есебімен жеңілді. 

Солтүстік теннисшілері топ басында. Астанада 10 жасқа дейінгі балалар арасында аймақтық турнир өтті. Жобаның өзі, сәйкесінше, «Аймақтар Кубогы» деп аталады. Оның аясында еліміздің түкпір-түкпірінде арнайы жарыстар ұйымдастырып, талантты балалар іріктелініп алынды. Жеңіске жеткен өрендер, яғни Солтүстік, Оңтүстік, Шығыс және Батыс аймақтарының мықтылары кейін Астанаға жиналып, республикалық деңгейде бас жүлдені сарапқа салды. Айта кету керек, 12 қаладан бас-аяғы 48 жас спортшы жиналды. Яғни жарыс талабы бойынша әр өңір 6 ұл және 6 қыздан жіберуі керек. Бұнда олар айналмалы жүйе бойынша жекелей және жұптық кездесулер өткізді. Нәтиждесінде, ұлдар арасында да, қыздар арасында да жалпы есепте Солтүстік командасы жеңіске жетті. Ұлдар арасына үздік үштікті Шығыс және Батыс құрамалары түйіндеді. Ал, қыздар арасында Оңтүстік командасы екінші, Батыс командасы үшінші орынға тұрақтады. 

Никита Горбач, теннис жанкүйері:

- Бұл жарысқа Қарағандыдан арнайы келдік. Менің ұлым Солтүстік  командасында өнер көрсетеді. Кездесулер өте тартысты өтті. Ұйымдаыстру деңгейі де жоғары. Бастама тасада қалған таланттарды анықтап, олардың шеберлігін шыңдауға көмектеседі деп ойлаймын. Бұған қоса, алдағы уақытта байрақты бәсекелерге қатысуына жол ашады деген үміттеміз.

«Жайық» чемпиондар лигасына қатысады 

«Жайық» чемпиондар лигасына қатысады. Волейболдан биыл ішкі біріншілікте жеңіске жеткен оралдық команда Орталық Азия чемпиондар лигасында өнер көрсетуге мүмкіндік алды. Байрақты бәсеке Мальдив аралдарының астанасы Мале қаласында өтеді. Өткенде, бірер сағаттан кейін басталады. Оған 5 елден 6 команда қатысады. Қазақстандық «Жайық» алғашқы кездесуін Шри-Ланкалық Ports Authority»-ге қарсы өткізеді. «Жайықтың» бапкері Виктор Козик Қазақстан чемпионатында бақ сынаған негізгі ойыншылардан бөлек, тағы төрт волейболшыға шақырту жіберді. Атап айтқанда, «Ақтөбе» сапындағы Қадырхан Нодирханов, «Атырау» сапындағы Петр Чурзин және «Буревестник» сапындағы Сергей Кузнецов пен Клим Рюхов та чемпиондар лигасында батысқазақстандық командаға көмектеседі.  Мале қаласындағы жарыстың өзі 23 шілдеге дейін жалғасады.

Бокстан әлем чемпионатына 50 күн қалды

Әлем чемпионатына 50 күн қалды. Қыркүйектің басында Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында бокстан дүниежүзілік дода өтеді. Бұл жаңадан құрылған World Boxing ұйымының ресми алғашқы жарысы.  Жылдың басты жарысы деуге де болады. Өйткені халықаралық олимпиадалық комитет биыл осы ұйымды мойындап, келесі жазғы ойындарға жауапты ретінде бекітті. Сондықтан, барлық елдің үздіктері дәл осы Ливерпульге жиналып, өз мықтылығын дәлелдеуге тырысады. Оның ішінде әрине қазақстандық қыз-жігіттер де бар. Ұлттық құрама өкілдері әлем чемпионатына дейін екі жатығу жиынын өткізуді жоспарлап отыр. Ұлттық құраманың тізімі әзірге жарияланбады. Десе де ерлер командасында 60 және 65 келі салмақтарда спаррингтер өтеді. Ал 70 келіде Төрехан Сабырхан қатысады. Қалған салмақтарда соңғы Әлем Кубогының жеңімпаздары бақ сынайды.  Бұл жөнінде бас бапкер Қайрат Сәтжанов мәлімдеген болатын. Ал әйелдер құрамасы қалай жасақталары әзірге белгісіз.  Айта кетейік, ерлер арасындағы соңғы әлем чемпионатында 4, қыздар арасындағы соңғы әлем чемпионатында 3 алтын жеңіп алдық. Ал Ливерпуль қаласындағы әлем чемпионаты 4 қыркүйекте басталып, 14 қыркүйекте мәресіне жетеді.

М.Омаров: футбол клубтары жекешелендіріледі 

Футбол мемлекеттен қаржыландырылмау керек. Бұл жөнінде Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаров мәлімдеді. Оның айтуынша, отандық клубтарға жыл сайын орташа есеппен 3 млрд теңге бөлінеді. Ол ақша көбіне шетелдік ойыншылар мен шетелдік мамандарға жұмсалады. Өкініштісі, сол командалардың инфрақұрылымдары, академиялары не стадиондары жоқ. Сондықтан алдағы уақытта оларды жекешелендіруге басымдық берілетінін алға тартты. Тіпті федерация осы мақсатта инвестор тартуға көмектесуге де дайын екенін жеткізді. Қазірдің өзінде командалардың арнайы тізімі жасалып, тиісті жұмыстар басталып кеткен.

Марат Омаров, Қазақстан Футбол Федерациясының Президенті:

- Жекешелендіруге ұсынылған клубтардың қатарында «Астана», «Ақтөбе» және «Атырау» командалары бар. Бүгінде  футбол бизнеске айналды. Жеке инвестор келсе, оның өз активі пайда болады.  Болашақта басқа демеушілер арқылы тағы да инвестиция тартады. Бұл - әлемдік тәжірибе. Қазір ең мықты клубтар – жекеменшік клубтар. Сондықтан біздің ел де осы жолмен жүруі керек. Қазақстан Футбол Федерациясы клубтарға инвестор тартуға көмектеседі... 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz