Қоржынымзыда алты қола. Германияның Рейн-Рур қаласында студенттер арасындағы дүниежүзілік универсиада өтіп жатыр.
Алғашқы жарыс күндерінің қорытындысы бойынша қазақстандық қыз-жігіттер алты медаль жеңіп алды. Әсіресе көркем гимнастика және таэквондо өкілдері жеңіс тұғырна көтеріліп жатыр. Осының арқасында Қазақстан жалпы командалық есепте 33-ші сатыға жайғасты. Жазғы универсиада 27 шілдеге дейін жалғасады.
Күрес түрлерінен халықаралық турнир
Қоржынымызда жеті медаль. Өкініштісі арасында алтын жоқ. Венгрияның Будапешт қаласында күрес түрлерінен халықаралық турнир өтті. Оған бас-аяғы 46 балуанымыз қатысты. Әсіресе грек-рим күресі және еркін күрес бойынша әр салмақта екі-үш спортшыдан бақ сынады. Қазақстан күрес федерациясы осылайша бірінші, екінші және үшінші нөмірлі жігіттерге өз мықтылығын дәлелдеуге мүмкіндік берді. Нәтижесінде грек-рим күресінен 55 келідегі Марлан Мұқашев финалға дейін жетіп, ақтық сында қарсыласына есе жіберді. Марлан – күміс жүлдегер. 63 келідегі Ержет Жарлықасын мен 130 келідегі Әлімхан Сыздықов қола медальға ие болды. Ал еркін күресте бір ғана жүлде бар. 61 келідегі Асылжан Есенгелді үздік үштікті түйіндеп, тағы бір қола жеңіп алды. Әйелдер күресінде 72 келідегі Жәмила Бақбергенова алтынға бір табан жақын болды. Бірақ ол да финалда үндістандық спортшыға есе жіберіп, күміс жүлдеге қол созды. Бұған қоса Нилуфар Раимова мен Эльмира Сыздықова өз салмақ дәрежелерінде үшінші орынға тұрақтады. Қазақстандық қыз-жігіттер алдағы айларда тағы бірнеше халықаралық турнирге қатысады. Аталмыш жарыстардың қорытындысы бойынша күзде Хорватияның Загреб қаласындағы әлем чемпионатына қатысатын ұлттық құрама жасақталады.
Семсерлесуден әлем чемпионаты басталды
Тарихи жетістікті қайталайтын мүмкіндік. Бүгін Грузия астанасы Тбилисиде семсерлесуден ересектер арасындағы әлем чемпионаты басталады. Оған 79 мемлекеттің өкілдері қатысады. Араларында қазақстандық қыз-жігіттер бар. Биыл 24 спортшымыз жүлдеге таласып көреді. Оның ішінде Руслан Құрбанов, Эльмир Әлімжанов, Вадим Шарлаимов, Ерлік Сертай сияқты көпшілікке танымал жігіттер бар. Әйелдерден Әйгерім Сарыбай, Карина Доспай, Анастасия Гулик, София Ақтаева және Алина Ескендіровалар жарыс алаңына шығады. Ұлттық құрама өкілдері семсерлесудің қылыш, найза және сапы бағыттарында бақссынайды. Айта кетейік, 2023 жылы Миланда өткен әлем чемпионатында Руслан Құрбанов жекелей сында қола медаль жеңіп алып, Қазақстан тарихындағы алғашқы жүлдені ел қоржынына салған болатын. Биыл осыжетістікті қайталауға тіпті, одан асып түсуге мүмкіндік бар дейді мамандар. Тбилиси қаласындағы әлемдік аламан 30-шілдеге дейін жалғасады.
Халықаралық көкпар турнирі басталды
Төрт елдің көкпаршылары Қытайда бас қосты. Көрші елдің Іле-Қазақ автомиялық облысы Моңғолкүре ауданында «Жібек жолы» деген атаумен арнайы жарыс ұйымдастырылмақ. Оған Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және жергілікті көкпаршылар қатысады. Бас-аяғы 8 команда 2 топқа бөлінді. Яғни алдымен айналмалы жүйеде өзара мықтыны анықтайды. Одан кейін әр топтың үздіктері бас жүлдені сарапқа алады. Нұрдәлет Момынов жетекшілік ететін Қазақстан құрамасы «А» тобында өнер көрстеді. Алғашқы қарсыласы – Өзбекстан командады. Бұғакн қоса жергілікті қазақтардан құралған «Текес» және «Моңғалкүре» комадналары да осы топта. Жарыстың өзі үш күнге созылады. Айта кетейік, ұлттық ойынымыз бойынша жарыс Қытайдағы «Тұлпар» мерекесі аясында өтіп жатыр. Оны көруге миллиондаған саяхатшы келеді деп жоспарланып
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #спорт #семсерлесу #әлем чемпионатыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz