RU
Толық нұсқаға өту

«Астана Кубогы» халықаралық турнирі жалғасын табады

23.07.2025, 09:30 509

Рыбакина ширек финалға шықты. АҚШ-тың Вашингтон қаласында теннистен ATP 500 санатындағы турнир өтіп жатыр.

Қазақстандық Елена Рыбакина  жұптық сында Ұлыбритания өкілі Эмма Радуканумен бірге ширек финалға шықты. Олар словакиялық және ұлыбританиялық теннисшілерден басым түсті.

Самирхон Абабакиров - универсиада чемпионы

Абабакиров - Универсиада чемпионы. Германияның Рейн-Рур қаласында студенттер арасындағы дүниежүзілік дода жалғасып жатыр. Жарыстың кезекті күні қоржынымызға алтын медаль түсті. Оны таэквондошы Самирхон Абабакиров жеңіп алды. 67 келіге дейінгілер арасында сынға түскен ол финалға дейін жетіп,  ақтық сында түркиялық Омер Фарук Дайыоглуды жеңді. Қорытынды есеп: 2:0. Яғни, екі кезеңде де қазақ жігіті айқын басымдық танытты. Осылайша Самирхон қазақстандық қыз-жігіттрер арасынан алғаш болып алтын жеңіп алды. Бұған дейін ұлттық құрама өкілдері 6 мәрте қола жүлдегер атанған болатын. Осы 1 алтын және 6 қоланың арқасында жалпы командаплық есепте 21-орынға көтерілдік. Топ басында АҚШ тұр. Одан кейін Қытай және Оңтүістік Корея командалары келеді. Қоржынымзыдағы медальдар саны тағы да арта түсуі мүмкін. Рейн-Рур қаласындағы жазғы универсиада 27 шілдеге дейін жалғасады.

Чемпиодар лигасы: «Қайрат» «Купстан» жеңілді

«Қайрат» «Купстан» жеңілді. Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңі аясында алматылық клуб Финляндияның «Купс» командасымен кездесті. Куопио қаласында өткен матч 0:2 есебімен аяқталды. 49-минутта алаң иелері сапындағы Мохамед Туре мергендігімен көзге түсті. Ал 71-минутта оның командаласы Яакко Оксанен есеп айырмасын еселеді. Қазақсандық клубтың таразы басын теңестіретін мүмкіндіктері болды. Бірақ оны ұтымды пайдалана алмады. Бұған қоса, Валерий Громыко соққан доп ойыннан тыс қалды деген себеппен есептелмеді. Енді қос команда 29-шілдеде Алматыда кездеседі. Қос ойын нәтижесі бойынша жеңіске жеткен команда Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіне өтеді.

Рафаэль Уразбахтин, «Қайрат» клубының бас бапкері:

- Бұл матчқа тыңғылықты дайындалдық. Жоспар бойынша қарсыласқа үнемі прессинг жасап, шабуылды күшеу керек едік, бірақ бәрі ойдағыдай болмады. Осы кездесу барысында жіберген қателіктерді ескереміз. Қарымта кездесуде қалай да есе қайтаруымыз қажет. Өз алаңымыз және өз жанкүйерлеріміз көмектеседі деп үміттенемін.

Халықаралық турнир жалғасын табады

«Астана Кубогы» жалғасын табады. Елордада футболдан соңғы үш жыл бойы тұрақты түрде балалар арасындағы халықаралық турнир өтіп келеді. Биыл да оны жоғары деңгейде ұйымдастыру  жоспарланып отыр. Өйткені футболға енді-енді аяқ басып жатқан балалардың шеберлігін шыңдап, халықаралық деңдейде тәжірибе алмасу аса маңызды дейді жоба авторы Еркебұлан Жомарт. Астанада қаласының әкімдігі және Қазақстан футбол федерациясы қолдауымен өтетін аладоп аламаны алдағы күзде өтеді. Оған Өзбетстан, Қырғызстан, Грузия және Ресей сияқты алыс-жақын шетелдерден танымал клубтардың шәкірттері келеді. Бұған қоса, еліміздің түкпір-түкпірінен командалар жиналып, өзара мықтыны анықтайды.

М. Айтжанов: қос бағытты қатар алып жүреміз

Сәкен кәсіпқой боксты да, әуесқой боксты да қатар алып жүреді. Бұл жөнінде жеке бапкері Мырзағали Айтжанов мәлімдеді. Айта кетейік, елімізге танымал былғары қолғап шебері Сәкен Бибосынов жуырда ғана Қырғызстан астанасы Бішкекте өткен жекпе-жек кешіне қатысты. Бұл - Сәкеннің кәсіпқой бокстағы алғашқы қадамы. Ол  филиппиндік Кристиан Леганмен жұдырықтасып, бірінші раундта нокаутпен жеңді. «Сәкен бұл кездесуге тыңғылықты дайындалды. Қарсыласы да осал емес. Кәсіпқой бокста 10 кездесу өткізіп үлгерген. Десе де, шәкіртім жекпе-жекті өз деңгейімен алып шықты. Оған жарысты ұйымдастырған промоутерлер риза болып жатыр. Осылай жарқын жеңіспен бастағасын, әрі қарай да бірге жұмыс істеуге ниетті» - деді Мырзағали Айтжанов sportbugin.kz сайтына берген сұхбатында. Бұған қоса, ол Сәкен кәсіпқой боксқа ауыса ма, әлде, әуесқой бокста қала ма деген сұраққа да жауап берді.

Мырзағали Айтжанов, бапкер: 

- Әуесқой және кәсіби боксты қатар алып жүру тәжірибесі көптен қолданылып жүр. Әсіресе, көршілес өзбек боксшылары осы үрдісті қолға алды. Біз де екі бағытты ұстанып көреміз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz