RU
Толық нұсқаға өту

Спорт ардагерлері назардан тыс қалмайды

25.07.2025, 09:38 473

«Ақтөбе» жеңді, «Астана» тең түсті.

Қазақстандық командалар УЕФА Конференция лигасы аясындағы кезекті кездесулерін өткізді. Әсіресе, «Ақтөбе» үшін өте сәтті ойын болды. Олар өз алаңында чехилық  «Спартаны» қабылдап, 2:1 есебімен басым түсті. Алғашқы голды «Ақтөбе» сапындағы легионер Дэниел Соса соқты. Артынша командаласы Оралхан Өміртаев есеп айырмасын еселеді. Ойын соңына қарай норвегиялық төреші Кристоффер Хагенес «Ақтөбе» қақпасына күмәнді пенальти белгіледі. Ал Велько Бирманчевич бұл мүмкіндікті мүлт жібермеді. Қорытынды есеп: 2:1. Енді қос команда 31-шілде күні Прага қаласында қарымта матч өткізеді. Қос ойын нәтижесі бойынша жеңіске жеткен команда Конференция лигасының үшінші кезеңіне жолдама алады.

Ал «Астана» өз алаңында «Зимбруды» жеңе алмады. Қазақстандық және молдовалық клубтар да УЕФА Конференция лигасы екінші айналымында кездескен болатын. Алғашқы голды қонақтар сапындағы Гай Дахан соқты. «Астана» ойыншылары тек 56-минутта есепті теңестірді. Гол авторы - Иван Башич. Одан кейін алға шығатын мүмкіндігі де болған. Бірақ, ойын соңына дейін таблодағы нәтиже өзгермеді. Қорытынды есеп: 1:1. Бұл жергілікті жанкүйерлердің көңілін түсірді. Өйткені, «Астана» бұл кездесуде айқын фаворит болған. Десе де алда қарымта матч бар. Енді қос команда 31-шілде күні Кишинев қаласында жолығады. Жеңіске жеткен тарап УЕФА Конференция лигасының үшінші кезеңіне жолдама алады.
Жастар ойындары: Стенд ату бәсекелері басталды

Жеті өңірдің сұрмергендері Астанаға жиналды. Бұнда стенд атудан жастар ойындары басталды. Бұл төрт жылда бір ұйымдастырылатын кешенді жарыс. Яғни, жастардың өзіндік олимпиадасы деуге болады. Ондаған спорт түрі бойынша өтеді. Әсіресе, стенд ату бәсекесін биыл елорда қабылдап жатыр. Оған 7 өңірден 150-ге жуық қатысушы келді. Енді олар 4 бойы өзара мықтыны анықтиайды. Бас-аяғы 40 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Яғни, жарыс стенд атудың  скит және спортинг бағыттары бойынша болады. «Astana Target club» спорттық кешенінде өтіп жатқан жарыстың жалпы қорытындысы 27-шілдеде белгілі болады.

Спорт ардагерлері назардан тыс қалмайды

Кәсіпқой мансабын аяқтаған спортшылар мен бапкерлер, жалпы салада қызмет еткен мамандар назардан тыс қалмауы қажет. Осы мақсатта жауапты ведмоство арнайы тізім жасап, олардың әлеуметтік жағдайын бақылауда ұстамақ. Бұл жөнінде Астанада өткен арнайы кеңесте айтылды. Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, әсіресе, үлкен буынға, оның ішінде спорт ардагерлеріне ерекше құрмет көрсетіліп, еңбектерін бағалау керектігін алға тартты. Сәйкесінше, сол жерде облыстық спорт басқармасы басшылары мен спорттық федерация өкілдеріне тиісті тапсырмалар берді. Алағы уақытта, спортқа жауапты ведмоство Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен аталмыш бағытта бірлесе жұмыс істеуді жоспарлап отыр. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz