Президент кубогы басталды. Елордада теннистен жасөсересектер арасындағы дәстүрлі халықаралық турнир өтіп жатыр. Оған Әмір Омарханов, Занғар Нұрланұлы, Георгий Ломакин, Ислам Орынбасар, Ерасыл Бахтияр және Даниэль Тазабеков қатысады. Жарыс 16 тамызға дейін жалғасады.
Қай жастан бастап жарысқа қатысуға болады?
13 жасқа толмаған балаларға бокс бәсекелеріне қатысуға тыйым салынады. Туризм және спорт министрлігі спорттық жарыстарға қатысудың ең төменгі жас мөлшерлерін бекітті. Бұйрық 1 тамыздан бастап күшіне енеді. Ол жерде барлық олимпиадалық және олимпиадалық емес бағыттар қамтылған. Әсіресе, елімізде кеңінен таған бокс бойынша бәсекелерге 13 жасқа дейін қатысуға болмайды. Бұл талап Денсаулық сақтау министрлігімен келісілген. Бұған қоса, халықаралық стандарттарға сай келеді. Басқаша айтқанда, бұл жерде баланың денсаулығы мен қауіпсіздігі негізге алынып отыр. Бұған қоса, күреске 10, дзюдоға 12, ал, аралас жекпе-жекке 16 жастан ғана қатысу керек. Айта кету керек, бұл тек жарысқа қатысуға қатысты шектеулер. Ал, жаттығуды бастауға, яғни, балаларды спорт мектептеріне немесе спорт үйірмелерге қабыдауға ешқандай шектеу қойылмайды. Спортқа жауапты ведмоствоның хабарлауынша, қазіргі таңда елімізде 4 пен 17 жас аралығындағы 5 млн-нан аса өрен тұрақты түрде спортпен айналысады.
Д. Елеусінов: жақында қайта рингке шығамын
Жақында қайта рингке шығамын. Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов осындай мәлімдеме жасады. Ол жуырда ғана АҚШ төрінде филиппиндік Джеймс Бэконмен жұдырықтасып, нокаутпен жеңген болатын. Бірақ, бокс кешінің өзі жанкүйерлер тарапынан қатты сынға қалды. Өйткені қарсыластың шеберлігі төмен болды. Жарыстың деңгейі де мәз емес. Осы тұрғыда Данияр бұның барлығы үлкен жекпе-жектер алындағы дайындық деп түсіндірді. «Жақында қайта рингке шығамын. Мұндай жекпе-жектер үлкен кездесулерге әзірлік үшін қажет. Кез-келген форматтағы тәжірибе мен үшін аса маңызды. Ал айтулы қарсыласпен шыққан кезде таңғалмаңыздар», – деді ол. Кейбір ақпарат көздері жерлесіміз алдағы қыркүйекте АҚШ төрінде Канело – Кроуфорд жекпе-жегінің андеркартында жұдырықтасуы мүмкін деген хабар таратып жатыр. Айта кетейік, олимпиада чемпионы кәсіпқой рингте 13 кездесу өткізіп, 13-інде де жеңіске жетті. Оның 8-ін уақытынан бұрын аяқтады.
Чемпиондар лигасы: «Қайрат» пен «Купс» кездеседі
«Қайрат» тарихи нәтиже тіркей алады. Бүгін Чемпиондар Лигасының іріктеу кезеңі аясында «Қайрат» және «Купс» клубтары қарымта матч өткізеді. Айта кетейік, Финляндияның Куопио қаласында өткен алғашқы ойын 0:2 есебімен аяқталған болатын. "Купс" жеңіске жетті. Енді бүгін келесі кезеңге өтетін команда анықталады. Ол үшін «Қайрат» өз алаңында айқын басымдық танытуы қажет. Матч Алматының орталық стадионында 20:00-де басталады. Қос ойын қорытындысы бойынша алматылық клуб жеңіске жетіп жатса, алғаш рет Чемпиондар лигасы іріктеу кезеңінің үшінші айналымына шығады. Яғни өзіндік тарихи нәтиже болмақ. Қазір «Қайрат» және «Купс» клубтары матч алдындағы дайындықты пысықтап жатыр. Қазақстандық клубты баптайтын Рафаэль Уразбахтин: «Өткен кездесудегі қателіктерді ескеріп, қалай да есе қайтаруымыз қажет, өз алаңымыз және өз жанкүйерлеріміз көмектеседі деп үміттенемін», - деді.
Бақтияр Зайнутдинов мәскеулік «Динамоға» ауысты
Зайнутдинов «Динамоға» ауысты. Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы бұдан былай ресейлік клубта өнер көрсетеді. 27 жастағы жерлесіміз Ресей Премьер Лигасына қайта оралды деуге болады. Ол бұған дейін «Ростов» командасы сапында 35 матч өткізді. Ал «ЦСКА» құрамында 83 кездесуге қатысқан болатын. Ал соңғы өнер көрсеткен түркиялық «Бешикташта» жарақатына байланысты небәрі 9 ойында жасыл алаңға шықты. Айта кетейік, «Динамоның» бас бапкері Валерий Карпин Зайнутдиновпен «Ростовта» жұмыс істеген және оны команда сапында қайта көргісі келетінін ашық мәлімдеп еді.
Тегтер #спорт #Данияр Елеусінов #чемпиондар лигасы
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz