«Қайрат» камбэк жасады.
Чемпиондар Лигасының іріктеу кезеңі аясында «Қайрат» және «Купс» клубтары Алматы қаласында қарымта матч өткізді. Айта кетейік, Финляндияның Куопио қаласында өткен алғашқы ойын 2:0 есебімен аяқталған болатын. «Купс» жеңіске жетті. Ал Алматыдағы мачта алаң иелері қарсыластар қақпасына 3 гол соқты. Дастан Сәтпаев, Жоржиньо және Валерий Громыко мергендігімен көзге түсті. Қорытынды есеп: 3:0. Ал қос ойын нәтижесі бойынша «Қайрат» 3:2 есебімен алға шығып, келесі кезеңге жолдама алды. Алматылық клуб үшін бұл өзіндік тарихи жетістік саналады. Өйткені, алғаш рет Чемпиондар Лигасының үшінші іріктеу кезеңіне шығып отыр. Келесі қарсыласы да белгілі. Рафаэль Уразбахтин жаттықтыратын жігіттер енді словениялық «Слован» командасымен кездеседі.
ЦИТАТА:
Рафаэль Уразбахтин, «Қайрат» клубының бас бапкері
- Матч өте тарысты болды. Әсіресе, Финляндияда есе жібергеннен кейін бізге қатысты сын көбейген еді. Бұл жолы мықты екенімізді іс жүзінде дәлелдедік. Еліміздегі футбол жанкүйерлеріне қуаныш сыйлады. Енді келесі ойынға дайындықты бастаймыз. «Слован» - өте мықты команда. Десе де, жеңіс жолын жалғастыруға бврымызды саламыз.
Бокстан Азия чемпионаты басталды
Азия үздіктері Банкогқа жиналды. Тайланд астанасында бүгін бокстан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионаты басталады. Бұл World Boxing ұйымының 17 және 22 жасқа дейінгілер арасындағы алғашқы құрлықтық жарысы. Оған 26 елден 400-ге жуық спортшы қатысады. Оның ішінде, әсіресе, Қазақстан, Өзбекстан, Жапония, Үндістан, Тайланд, Қытай сияқты елдердің өкілдері басты фаворит саналады. Біздің команда қазір Банкокқа жетіп, жарыс алындағы дайындқыты пысқытап жатыр. Бас-аяғы 39 боксшы ел намысын қорғайды. Олар жарыс алдындағы жаттығу жиындарында іріктелініп алынды. Кей салмақтарда, тіпті мықтыны анықтау үшін спарраинг те ұйымдастырылды. Қалай болғанда да осы жас деңгейлеріндегі ең үздік қыз-жігіттер енді Азияның үздігі атанып, жалпы командалық есепте бірінші орын алуға тырысады. Өтйкені,бұған дейінгі Азия чемпионатында ұлттық құрама дәл осылай топ бастаған болатын. Бүгін спортшыларды тіркеу, салмақ өлшеу және жеребе тарту рәсімдері болады. Ал, ертең негізгі жекпе-жектер басталады. Тайландтағы Азия чемпионаты 11 тамызға дейін жалғасады.
Әлем чемпионатында жүлдеге ілікті
Қоржынымызда үш медаль. Бірақ әзірге алтын жоқ. Грекия астанасы Афина қаласында күрес түрлерінен жасөспірімдер арасындағы, яғни 17 жасқа дейінгілер арасындапғы Әлем чемпионаты басталды. Жарыстың алғашқы күндері грек-рим күресінің өкілдері белдесті. Бұл сынға 10 спортшымыз аттанған болатын. Араларынан 48 келідегі Нұрдәулет Құмарұлы финалға дейін жетіп, ақтық сында қарсыласына есе жіберді. Нұрдәулет – күміс жүлдегер. Бұған қоса, 55 келідегі Нұрәли Асқар мен 65 келідегі Шамил Досбол қола жүлдеге қол созды. Енді бүгін қыздар арасындағы бәсекелер өтеді. Одан кейін бозкілемге еркін күрес шеберлері шығады. Афина қаласындағы дүниежүзілік доданың жалпы қорытындысы 4 тамызда белгілі болады.
Тегтер #чемпиондар лигасы #матч #Қайрат ФК #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz