RU
Толық нұсқаға өту

Азия чемпионаты: бүгін жекпе-жекке кімдер шығады?

04.08.2025, 09:50 485

Грекиядағы жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионаты

Қоржынымызда үш қола. Грекия астанасы Афина қаласында күрес түрлерінен жасөспірімдер арасындағы, яғни, 17 жасқа дейінгілер арасындағы әлем чемпионаты аяқталды.

Жарыстың соңғы күндері еркін күрес бойынша бәсекелер болды. Қазақстандық спортшылар арасынан ең алдымен 60 келідегі Бекасыл Асамбек қола үшін күресуге мүмкіндік алды. Шешуші белдесуде ол ирандық Ариан Мехрализадені 9:0 есебімен жеңді. Артынша 51 келідегі Даниель Әбілқасым мен 80 келідегі Дінмұхаммед Қасымбек те өз салмақ дәрежелерінде үздік үштікті түйіндеді. Өкінішке орай еркін күрес шеберлері әлем чемпионы атана алмады. Айта кетейік, бұған дейін, грек-рим күресінде Жаңажол Қуанышбек, ал әйелдер күресінде Мадхия Усманова алтын жеңіп алған еді. Жалпы алғанда 2025 жылғы әлем чемпионаты Қазақстан құрамасы үшін сәтті өтті деуге болады.

Азия чемпионаты: бүгін жекпе-жекке кімдер шығады?

Бүгін 4 боксшымыз жұдырықтасады. Тайланд астанасы Бангкок қаласында жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионаты жалғасып жатыр. Бұл - World Boxing ұйымының 19 және 22 жасқа дейінгілер арасындағы алғашқы құрлықтық жарысы. Оған 26 елден 400-ге жуық спортшы қатысуда. Бүгін - төртінші жарыс күні. Қазақстандық боксшылар арасынан ең бірніші болып шаршы алаңға 60 келідегі Әсем Таңатар шығады. Ол қытайлық Ю Тианмен кезедседі. Артынша 65 келідегі Аружан Жаңабаева тағы бір қытайлық боксшымен жолығады. Ал ерлер арасында 60 келідегі Нұрислам Қалдыбаев қырғызстандық, 65 келідегі Илья Калинин кореялық спортшымен қолғап түйістіреді. Жалпы алатын болсақ, Тайландттағы Азия чемпионаты біз үшін салыстырмалы түрде ауыр басталды. Жарысқа аттанған 39 боксшымыздың 9-ы шығып қалды. Қалған қыз-жігіттер жүлдеге таласып көреді. Бокс мамандары мен бокс жанкүйерлері үмітті үзбей, спортшыларымызға үлкен сенім артып отыр. Құрлықтық жарыстың жалпы қорытындысы 11 тамызда белгілі болады.

Әуесқойлар лигасының үздігі анықталды

Мұнай саласының мамандары үздік атанды. Маңғыстау облысында футболдан әуесқойлар лигасының іріктеу кезеңі мәресіне жетті. Бұл аймақта 20 команда тіркеліп, 2 ай бойы өзара мықтыны анықтаған еді. Нәтижесінде, финалға «Мұнайтелеком» және «Жұмыссапар» командалары шықты. Шешуші кездесу тарытысқа толы болды және негізгі ойын уақыты 1:1 есебімен аяқталды. Ал, матч соңындағы пенальтилер сериясында «Мұнайтелеком» жеңіске жетті. Жарыс қорытындысы бойынша команда сапындағы Ерасыл Ермекқалиев «Үздік қақпашы», Руслан Жанысбаев «Үздік жартылай қорғаушы», ал Абай Елемесов «Үздік ойыншы» атанды. Айта кету керек, бұл команда мұнай саласында қызмет ететін қарапайым жұмысшылардан тұрады. Енді дәл осы жігіттер күзде облыс атынан республикалық жарысқа қатысады.

Абай Елемесов, «Мұнайтелеком» командасының капитаны:  

- Түсіндіре кетейін, Қазақстан футбол федерациясы биыл үлкен футбол форматында, яғни 11/11 форматында әуесқойлар лигасын ұйымдастырды. Оған еліміз бойынша 268 команда қатысып жатыр. Олар алдымен аймақтың деңгейде, одан кейін республикалық деңгейде өзара мықтыны анықтайды. Жеңімпаp команда кәсіпқойлар арасында Қазақстан чемпионатында және Қазақстан кубогына қатысуға мүмкіндік алады. Бұған қоса УЕФА-ның әуесқойлар арасындағы әілемдік аламанында да бақ сынайды. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz