29 елдің үздіктері Шымкентте бас қосады, деп хабарлайды 24kz.
Бұнда бірер күннен кейін спорттық ату түрлерінен Азия чемпионаты өтеді. Оған 29 елден 800-ге жуық сұрмерген қатысады деп жоспарланып отыр. Жарыс 2 олимпиадалық бағыт бойынша болады. Яғни, ашық аспан астында стенд ату және жабық спорт кешенінде оқпен ату бәсекелері ұйымдастырылады. Яғни, 3 бірдей жас деңгейі қамтылған. Жасөспірімлер, жастар және ересектер өзара мықтыны анықтайды. Ал, сарапқа салынатын медальдар саны – 700. Қазір Шымкент төріндегі Shooting Plaza спорт кешенінде қызу дайындық жүріп жатыр. Ал, ел намысын қорғайтын қыз-жігіттер Алматыдағы олимпиадалық даярлау орталығына жиналып, жарыс алдындағы жаттығу жиынына кірісті. Азия чемпионатының өзі тура 10 күннен кейін баталады. Яғни, 16 тамызда ресми ашылып, 30 тамызға дейін жалғасады.
Тегтер #Шымкент #спорттық ату түрлері #Азия чемпионатыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz