RU
Толық нұсқаға өту

Азия чемпионаты: 16 боксшымыз жартылай финалда

06.08.2025, 09:42 712

16 боксшымыз жартылай финалда. Таиланд астанасы Бангкок қаласында жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионаты жалғасып жатыр, деп хабарлайды 24kz.

Бұл – World Boxing ұйымының 19 және 22 жасқа дейінгілер арасындағы алғашқы құрлықтық жарысы. Оған 26 елден 400-ге жуық спортшы қатысуда. Бес жарыс күні артта қалды. Оның қорытындысы бойынша 16 боксшымыз жартылай финалға шығып үлгерді. Бұл көрсеткіш әлі де артуы мүмкін. Өйткені ширек финалдық кездесулер жалғасып атыр.

Бірер сағаттан кейін кезекті жарыс күні басталады және 9 бірдей боксшымыз жұдырықтасады. Атап айтқанда, күндізгі сессияда Нұрислам Қалдыбаев, Илья Калинин, Нұрбек Мұрсал, Санжарәлі Бегалиев және Темірлан Мұқатаев шаршы алаңға шығады. Кешкі сессияда Гүлназ Бөрібаева, Бақыт Сейдіш, Шұғыла Нәлібай және Әсел Тоқтасын өнер көрсетеді. Бокс мамандары мен бокс жанкүйерлері спортшыларымызға үлкен сенім артып отыр. Құрлықтық жарыстың жалпы қорытындысы 11 тамызда белгілі болады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz