Жанкүйерлерге жеңіс сыйлауымыз керек. «Астана» командасының бас бапкері Григорий Бабаян алдағы матчқа қатысты осындай пікір білдірді.
Айта кетейік, бүгін УЕФА Конференциялар лигасы аясында «Астана» және «Лозанна» клубтары жолығады. Бұған дейін қос команда Швейцарияда кездесіп, алаң иелері 3:1 есебімен жеңіске жеткен еді. Енді Қазақстанда өтетін қарымта матчта аянып қалмауымыз қажет дейді бас бапкер. Қазір екі клубың ойыншылары елордада ойын алдындағы дайындықты пысқытап жатыр. Кездесудің өзі 19:00-де басталады. Еске сала кетейік, бұл УЕФА Конференциялар лигасының үшінші іріктеу кезеңі. Яғни қос ойын қорытындысы бойынша жеңіске жеткен команда плей-офф кезеңіне жолдама алады. Жеңілген тарап жарыс жолынан шығады. Сондықтан барымызды салып, жеңісті жұлып алуымы керек дейді бас бапкер баспасөз мәслихатында.
Григорий Бабаян, "Астана" клубының бас бапкері:
- Өткен ойында біраз қателік болды. Барлығын жіті ескеріп, алдағы мачтқа жоспар құрдық. Енді жігіттер тапсырманы ойдағыдай орындап, үмітті ақтауы қажет. Өз алаңмыздағы ойында жанкүйерлердің қолдауы да керемет әсер етеді. Оның қайтарымы ретінде біз жеңіс сыйлауымыз керек. Қарсыласты әбден зерттедік. Жігіттердің бәрі бабында. Қалғанын ойын көрсетеді.
Әуесқойлар лигасының үздігі анықталды
Павлодар облысының үздігі анықталды. Аймақтарда футболдан әуесқойлар лигасы жалғасып жатыр. Бұл Қазақстан футбол федерациясының қарапайым адамдар арасынан әсіресе футболды кәдімгідей жақсы көретін және футболға ерекше қабілеті бар жігіттерді іздеу мақсатында қолға алған бастамасы. Оның аясында әр аймақта іріктеу кезеңдері ұйымдастырылып, кейін үздік командалар республикалық деңгейде өзара мықтыны анықтайды. Одан кейін кәсіпқойлар арасында доп тебуге мүмкіндік алады. Сонымен Павлодар облысында осындай 13 команда тіркеліп, 3 ай бойы кездесулер сериясын өткізді. Нәтижесінде финалға «РБ Арман» және «Ансат» командалары шығып, алғашқысы 3:1 есебімен жеңіске жетті. Сәйкесінше, «РБ Арман» енді күзде республикалық жарысқа қатысады. Айта кетейік, қазірдің өзінде Қостанай, Ақмола, Алматы және Маңғыстау облыстары дәл осылай өз үздіктерін анықтап қойды. Қалған аймақтарда іріктеу жалғасып жатыр.
Нұрсұлтан Құрман, Қазақстан футзал қауымдастығының президенті
Тегін негіздегі жаттығу жұмыстары
Скандинавиялық жүріс қолжетімді бола түсті. Астана қаласының спорт басқармасы бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында білікті бапкерлердің жетекшілігімен тегін негіздегі жаттығулар ұйымдастыра бастады. Айта кету керек бұл жоба бірнеше жылдан бері жалғасып келеді. Биыл әсіресе скандинавиялық жүріске ерекше басымдық берген. Яғни қаланың 6 саябағында белгіенген күндері және белгіленген уақытта білікті бапкерлер білгенін үйретіп, тәжірибе алмаса алады. Тіпті қажетті құрал-жабдықпен де ұйымдастырушы тарап қамтуға дайын. Қатысам деушілердің жасына не санына қатысты шектеу жоқ. Арнайы тІркеуді де қажет етпейді. Жаттығу жұмыстары өткен аптада басталды және қазан айына дейін жалғасады. Спортқа жауапты мамандар дәл осылай қазір "Өзіңнен баста", «Қолжетімді фитнес», «Аула футболы», «Көше баскетболы» сияқты тегін негізде спортқа баулитын бірнеше жобаны параллель жүзеге асырып жатыр.
Диана Асубаева, жергілікті тұрғын
Ержігіт Өсербай, спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізу дирекциясы басшысының орынбасары
Тегтер #Астана ФК #матч #дайындық #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz