RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстандық таеквондошылар халықаралық турнирде көш бастады

15.08.2025, 09:33 368

Таеквондодан Қазақстан ересектер құрамасы командалық есепте көш бастады, деп хабарлайды 24kz.

Астанада таеквондодан халықаралық рейтингтік турнирдің алғашқы жарыс күні мәреге жетті. Ересектер арасындағы бәсекеде құрама көшбасшылары, соның ішінде Париж Олимпиадасының қатысушылары Самирхон Абабакиров күміс медаль, Батырхан Төлеуғали чемпион атанды. Елорда төрінде 22 елдің спортшысы сынға түсіп, 16 салмақ дәрежесінің жүлделерін сарапқа салды. Бірінші жарыс күнінің нәтижесі бойынша Қазақстан құрамасы 38 медаль иеленіп, жалпыкомандалық есепте бірінші орынға жайғасты. Тунис екінші, Түркия құрамасы үшінші орынды иеленді. Жарыс ертең аяқталады. Ал бүгін даянгке жасөспірімдер шығады.

Естеріңізге сала кетейік, байрақты бәсеке ересектер, жастар және жасөспірімдер арасында өтіп жатыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz