RU
Толық нұсқаға өту

UEFA Конференция лигасы: «Астана» келесі кезеңге өте алмады

15.08.2025, 10:12 405

«Астана» EURO-дағы жорығын аяқтады, деп хабарлайды 24kz.

Елордалық клуб UEFA Конференция лигасы үшінші іріктеу кезеңінің қарымта ойынында Швейцарияның «Лозанна» командасынан жеңіліп қалды. Қос команда арасындағы алғашқы кездесуде швейцариялық клуб 3:1 есебімен басым түсті. Сондықтан қарымта ойында «Астананың» екі доп айырмасымен жеңіске жетуі маңызды болатын. Бірінші кезеңде командалар бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алған жоқ. Екеуінің де есеп ашатын мүмкіндігі болды. Дегенмен, оны пайдалана алмады. Нәтижесінде таблодағы есеп өзгеріссіз қалды. Ал екінші таймды швейцариялық клуб белсенді бастады. Ойынның 48-минутында қарсыластар есеп ашса, 66-минутта тағы бір доп салды. Осылайша, «Астана» қарсыласына 0:2 есебімен есе жіберіп, жарысты ерте аяқтады.

Айта кетейік, «Астана» EURO-дағы жорығын Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңінен бастады. Жарыстың аталған сатысында Молдованың «Зимбру» командасын жеңіп, үшінші іріктеу кезеңіне жолдама алған болатын.

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz