RU
Толық нұсқаға өту

Қазақ балуандары әскери әлем чемпионатында 4 алтын медаль жеңіп алды

15.08.2025, 10:28 482

4 спортшымыз әлем чемпионы атанды. Кеше елордада әскери қызметшілер арасында қазақ күресінен алғашқы әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды 24kz.

Халықаралық әскери спорт кеңесінің бастамасымен ұйымдастырылып отырған турнирге әлемнің 20-дан аса елінен 250-ге жуық спортшы келді. Жарыстың алғашқы күнінде ерлер арасында 55, 66, 82, 100 келі салмақ дәрежесінің кіл мықтылары анықталды. Нәтижесінде жеңіл салмақтағы Бекжан Төлепов пен 66 келіде белдескен Сағындық Әшім әлем чемпионы атанды. Нұрдәулет Бақтыбайұлы күміс, Айбек Ізтілеуов қола жүлдені місе тұтты. Әйелдер арасында да 4 салмақта үздіктер анықталды. 48 келіде Айжан Жылқыбаева, 56 келіде Рауза Нұрмұхаметова алтыннан алқа тақты. 65, 77 келідегі Зарина Сәріпова мен Зәмзәгүл Файзолланова тұғырдің екінші сатысынан көрінді. Ал бүгін ерлер 60, 74, 90 және 100 келіден жоғары салмақта, ал әйелдер 52, 60, 70 және 77 келіден жоғары салмақта белдеседі.

Ғұмар Қырғызбаев, жаттықтырушы:

- Алматы қаласында іріктеу болды. Ол жарыста бірінші орын алғандар ғана ел намысын қорғап жатыр. Сол іріктеуден өткен бірінші нөмірлі спортшыларды алып, Шымкентте бірінші, Алматыда екінші жаттығу жиындары болды. Команданың дайындығы жақсы. Өзіміздің ұлттық күрес болғасын, әрине, біз команда бойынша 1-орын алуымыз керек. Өзіміздің елде болып жатыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz