Қазақстандық әскери қызметшілер қазақ күресінен әлем чемпионатында жалпы есепте топ жарды.
Қоржында 8 алтын, 5 күміс, 2 қола. Екінші орынға Өзбекстан жайғасса, үздік үштіктен Ресей құрамасы көрінді. Байрақты додада ел намысын Қарулы Күштер мен Мемлекеттік Күзет Қызметінің өкілдері қорғады.
Ернұр Сүлеймен, әлем чемпионы:
- 60 келіде жеңімпаз атандым. Палуандар өте мықты тиянақты дайындалып келген. Қырғыз, орыс палуандары мықты болды. Финалда өзбек плауаны да мықты. Көңіл-күй өте керемет. Жарыс үлкен деңгейде өтіп жатыр. Алғашқы әскерлер арасындағы әлем чемпионаты.
Жарысқа 25 мемлекеттен бас аяғы 200-ге жуық спортшы қатысты. Олар 2 күн бойы 16 салмақ дәрежесінде яғни ерлер мен әйелдер 8 салмақ бойынша күресіп, өзара мықтыларды анықтады. Арасында дзюдодан әлем чемпионаттары мен олимпиада ойындарының жүлдегерлеріне дейін бар. Енді қазақ күресінен әскери қызметішілер арасындағы әлем біріншілігі келесі жылы Ресейде өтеді.
Асан Мәмбетқұлов, жаттықтырушы:
- Қарулы Күштер құрама командасын наурыз айында Армия орталық спорт клубының базасында ҚР чемпионатын өткізген болатынбыз. Сол жерде әскери мен спортты қатар алып жүрген спортшыларды іріктеп алдық. 2-3 жаттығу жиыны өтті.
Айсара Керімбекова, самбодан әлем чемпионатының 2 дүркін күміс жүлдегері:
- Міне қазақ күресінен бірінші рет әлем чемпионаты болып жатыр. Өте қуаныштымын. Қазақтың әнін ойнатып, туын көтерген бауырларыма мың да бір рақмет. Солдаттар арасында тренер болып істеймін. Жастарды көтеремін деген ойдамын.
Тегтер #әскери қызметші #қазақ күресi #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz