RU
Толық нұсқаға өту

Шымкентте төрешіге шабуыл жасаған команда жарыстан шеттетілді

18.08.2025, 09:50 816

Төрешіге шабуыл жасаған команда жарыстан шеттетілді, деп хабарлайды 24kz.

Шымкентте футболдан әуесқойлар лигасы аясында келеңсіз жағдай орын алды. «Тоқболат» және «Байдалы» командалары арасындағы мачтың 17-ші минутта «Байдалы» ойыншылары төрешіге шабуыл жасап, арты жаппай тәртіпсізікке ұласты. Матч сол жерден тоқтатылған болатын. Артынша Қазақстан футбол федерациясының жобаға жауапты өкілі Әділет Мұқышев мәлімдеме жасады. Ол жерде құқық қорғау органдарымен бірлесе ішкі тергеу басталғаны айтылады.

«Байдалы» командасы әуесқойлар арасындағы біріншіліктен шеттетілді. Сондай-ақ осы матчқа қатысқан барлық ойыншылар Қазақстан футбол федерациясы мен Шымкент футбол федерациясы аясындағы жарыстардан уақытша шеттетіледі», - деліген арнайы хабарламада. Ал матчтың бас төрешісі Давлатбек Әбдімомынов қазір дәрігерлердің бақылауында және оның денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.

Айта кетейік, биыл футболдан әуесқойлар лигасына еліміз бойынша 268 команда тіркеліп, қазір барлық аймақта іріктеу жарыстары өтіп жатыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz