Едіге алтынға таласады. Болгарияның Самоков қаласында күрес түрлерінен жастар арасындағы әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды 24kz.
Алғашқы жарыс күні еркін күрес бойынша іріктеу белдесулері ұйымдастырылды. Нәтижесінде 125 келіде өнер көрсететін қазақстандық Едіге Қасымбек барлық қарсыласын жеңіп, финалға жолдама алды. Енді ол бүгін кешке ирандық Мұхаммед Незбен кездесіп, әлем чемпиогы атағына таласады. Бұған қоса, 97 келідегі Самир Дурсунов пен 74 келідегі Досжан Құлғайыптың да жүлдеге ілігуге мүмкіндігі бар. Олар жұбаныш белдесулеріне қатысады. Егер жеңіске жетіп жатса, қола жүлде үшін күреседі. Еркін күрестен кейін бозкілемге әйелдер күресі және грек-рим күресінің шеберлері шығады. Еліміз атынан бас-аяғы 29 спортшы бақ сынайды. Самоков қаласындағы әлем чемпионатының жалпы қорытындысы 24 тамызда белгілі болады.
Тегтер #күрес #әлем чемпионаты #финал #алтын #балуандарPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz