Абай облысында ел үздіктері анықталады, деп хабарлайды 24kz.
Бокстан Қазақстан чемпионаты өтетін уақыт пен орын жарияланды. Ересектер арасындағы ел біріншілігі 12-19 қазан аралығында Семей қаласындағы «Абай Аренада» болады. Жарыс қорытындысы бойынша 2026 жылғы ұлттық құрама жасақталады. Бірақ бокс жанкүйерлерін жарыс кестесінің тығыздығы алаңдатып отыр. Яғни, қыркүйек айында бокстан әлем чемпионаты өтеді. Тура бір айдан кейін Қазақстан чемпионаты ұйымдастырылмақ. Қазақстан бокс федерациясы өкілдерінің айтуынша, әлем чемпионатында жүлдеге іліккен боксшылар ішкі біріншіліктен босатылады. Ал жүлдеге ілікпегендері Қазақстан чемпионатына қатысып, өз мықтылықтарын дәлелдеуі керек. Жарыс уақытын қараша не желтоқсанға жылжытудың да реті келмейді. Өйткені қарашада Әлем кубогының финалдық кезеңі, ал желтоқсанда ересектер арасындағы Азия чемпионаты жоспарланып отыр. Сондықтан ел чемпионаты қазан айында ұйымдастыру ғана оңтайлы шешім және жаңадан жасақталған ұлттық құрамаға алдағы жылға дейін толыққанды жатттығу жасауға мүмкіндік болады.
Тегтер #Семей #бокс #Қазақстан чемпионаты #ұлттық құрама
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz