«Қайрат» тарихи нәтиже тіркеді. Алматылық клуб алғаш рет УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жолдама алды.
Рафаэль Уразбахтин баптайтын жігіттер бұл жолы «Селтик» командасымен кездескен болатын. Шотландияның Глазго қаласында өткен алғашқы ойын 0:0 есебмімен аяқталды. Алматы қаласындағы қарымта матчта да есеп ашылмады. Негізгі ойын уақытында да, қосымша ойын уақытында да таблода 0:0 есебі тұрды. Ал, ойын соңындағы пенальтилер сериясында алаң иелері басым түсті.
Қорытындысы есеп: 3:2. Бұл жерде қақпашы Темірлан Анарбековтың еңбегін ерекше атап өту керек. Ол осы ойында жарақат алған Александр Заруцкийді алмастырған болатын. Қазақ баласы матч барысында өте сауатты қимылдап, бірнеше қауіпті сәттің бетін қайтарды. Ал, кездесу соңындағы пенальтилер сериясында бірнеше мәрте қарсыластарға гол соққызбады. Осылайша, «Қайрат» Чемпиондар лигасының негізгі кезең3не жолдама алды.
Рафаэль Уразбахтин, «Қайрат» клубының бас бапкері:
- Сөздің шыны керек, осындай жетістікке жетеміз деп ойламадым. Иә, Еурокубокта сәтті өнер көрсетіп, топтық кезеңге шығу жөнінде тапсырма болды. Бірақ Чемпиондар лигасына шығу көпшілікке арман. Сол биікті біз бағындырып тұрмыз. Әзірге алға шаппай-ақ қояйын. Жеребе тарту нәтижесін күтеміз. Кейін бәрін салмақты бағамдап, жаңа жоспарлар құрамыз.
Тегтер #Қайрат #Селтик #чемпиондар лигасы #пенальти #жеңіс #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz