RU
Толық нұсқаға өту

«Қайрат» клубы қомақты табыс тапты

27.08.2025, 10:48 697

11 миллиард теңге. Алматылық клуб сенсациялық жеңісінің арқасында осынша көлемде табыс тапты, деп хабарлайды 24kz.

Яғни, УЕФА Чемпиондар лигасының іріктеуіндегі жеңістері үшін 18 миллион 620 мың еуро көлемінде сыйақы алады. Ұлттық валютаға шаққанда 11 миллиард 700 миллион теңгені құрайды. Бұл соманың басым бөлігі, яғни,10 миллиард теңгесі топтық кезеңге өткені үшін беріледі. Бұдан бөлек, клубқа 666 млн теңге телетүсімдерден және 146 млн теңге ең төменгі бонус ретінде төленеді. Осылайша, «Қайрат»клубы өз тарихындағы ең ірі қаржылық табыстардың біріне қол жеткізді. Сарапшылардың айтуынша, бұл қаражат клубтың инфрақұрылымын дамытуға және ойыншылар құрамын күшейтуге мүмкіндік береді. Тағы бір айта кетерлігі, жоғарыдағы көрсеткіш алдағы уақытта одан сайын артады. Өйткені негізгі кезеңде әр жеңіс үшін және тең ойын үшін үлкен көлемде қосымша төлемдер қарастырылған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz