Сенат Төрағасы, Қазақстан Бочча федерациясының президенті Мәулен Әшімбаев елордада алғаш рет өткен әлемдік бочча челленджер турнирінің жеңімпаздарын марапаттады.
Турнирде 12 елден келген 56 спортшы, оның ішінде ел намысын 10 боччашы қорғады. Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы жекелей сында екі алтын, екі күміс және бір қола медальмен жалпы есепте үздік үштікті түйіндеді. Командалық сайыста Корея және Иран елінен келген параспортшылар тиісінше бірінші және екінші орындарға табан тіреді. Айта кетейік, бүгінде еліміз бойынша 250-ден астам спортшы боччамен тұрақты айналысады. Қазақстан боччадан әлемдік рейтингте 18-орында тұр, ал Орталық Азия аймағында көшбасшы саналады.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы, Қазақстан бочча федерациясының президенті:
- Бұл сайыс өте жоғары деңгейдегі челленджер турнирі. Сайыста жеңіп, алға шыққан жеңімпаздарды және барлық жүлдегерлерді өзімнің және Қазақстан бочча федерациясының атынан шын жүректен құттықтаймын. Біздің бочча құрамамыз үшін бұл халықаралық жарыс үлкен сын болды. Қазақстан құрамасы барлық үміттерді ақтады деп ауыз толтырып айта аламыз.
Тегтер #Астана #бочча #Astana 2025 World Boccia Challenger #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz