Алғаш рет әлемдік деңгейдегі параспорт додасын өткізуге Туризм және спорт министрлігі, «Самұрық-Қазына» АҚ, Спорт қоры, ERG және басқа да серіктестер қолдау көрсетті, деп хабарлайды 24kz.
Боччадан ел намысын қорғаған спортшылардың басым бөлігі инклюзивті спорт секцияларының тәрбиеленушілері. «Самұрық Қазына» қорының қолдауымен бұндай секциялар 20 өңірде жұмыс істейді. Жалпы қор 3 жылда ел бойынша 15 заманауи спорт кешенін ашты.
Нұрлан Жақыпов, «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы:
- Қор инклюзияны қолдау мақсатында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Бұл – спорт пен медицинаны дамыту сияқты басты бағыттарымыздың бірі. Біз Бочча федерациясының бас серіктесіміз, бұл – ұзақмерзімді әріптестік. Келер жылы боччадан әлем кубогын өткіземіз. Параатлеттеріміз Лос-Анжелестегі Паралимпиадаға қатысып, медальға қол жеткізгенін армандаймыз.
Нұргүл Үлжекова, Қазақстан Бочча федерациясының бас хатшысы:
- Еліміз үшін, жалпы параспорт үшін ауқымды жарыс болды. Өйткені алаш рет республикамызда тірек-қимыл аппараты бұзылған спортшылардың арасында жарыс өтті. Бочча барлық әлемде үлкен параспорт қозғалысқа айналды.
Сайыста 12 елдің 56 параспортшысы бақ сынады. Ел құрамасының ойыншылары жекелей сында 2 алтын, 2 күміс және 1 қола медаль олжалап, жалпы есепте үздік үштікті түйіндеді.
Итиана Шыңғысханова, «Astana 2025 World Boccia Challenger» жүлдегері:
- Бұл челленджерде мен өзімнің алғашқы халықаралық алтын медалімді ұттым. Ал командаммен бірге қола жүлде иелендік. Қарсыластарымыз да осал болмады.
Келер жылы Қазақстан Боччадан әлем кубогын өткізеді. Оған қазірдің өзінде 20 ел қатысуыға ниет танытты. Бүгінде әлемнің 90-нан астам мемлекетті параспорттың осы түрін дамытуға ден қойса, еліміз әлемдік рейтингтің 18-ші сатысында тұр.
Авторлары: Рухани Әбдірахман, Диас Қовланбаев
Тегтер #елорда #бочча #халықаралық турнир #Самұрық Қазына #инклюзивті спорт #қолдау #параспортPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz