Сонымен бүгін футболдан Қазақстан мен Уэльс құрамалары ойнайды.
Матч 2026 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында өтеді. Ұлттық құрамаға “Қайрат” клубының 4 бірдей ойыншысы шақырылған. Олардың арасында Дастан Сәтбаев пен Темірлан Анарбеков және Еркін Тапалов пен Дамир Қасаболат бар. Алдын ала мәлімет бойынша 30 мың билеттің барлығы сатылып кеткен. Матч 19:00-де Астана-арена стадионында өтеді.
Темірлан Анарбеков, футболдан ұлттық құраманың қақпашысы:
- Келгеніме қуаныштымын Ұлттық құрамаға. Командамыздағы ойындарды ұмытып, ұлттық құрамаға дайындаламыз. Ұтамыз деп ойлаймыз. Бәріміз оқу-жаттығу жиынына қатысып, дайындалып жатырмыз. Енді ұлттық құрамаға дайындалу керек. Ол ойын тарих болып қалды. Енді Ұлттық құрамада да тарих қалдырамыз деп үміттенеміз.
Дамир Қасаболат, футболдан ұлттық құраманың жартылай қорғаушысы:
- Енді клубтағы ойын басқа, ұлттық құрамадағы ойын басқа. Клубтағыны ұмытып, ұлттық құрамаға басқаша болып келеміз. Ұлттық құраманың жейдесін кию деген ол өте үлкен мәртебе. Соны ақтауға тырысамыз.
Тегтер #Қазақстан #Уэльс #матч #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz