«Қайрат» - «Реал» матчына билеттер ойынға 10 күн қалғанда сатылымға шығарылады. Билеттер «Қайрат» клубының сайтында немесе оның әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында ғана саудаланады. Бұл турлы Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев хабарлады. Оның айтуынша, қазір «Қайрат» фтубол клубымен тікелей келіссөздер жүргізіліп жатыр.
Серік Жарасбаев, ҚР Туризм және спорт вице-министрі:
- Билеттерді сату құқығы «Қайрат» футбол клубына тиесілі. Бүгінгі таңда біздегі ақпаратқа сәйкес, билеттер ойын өтетін күнге 10 күн қалғанда сатыла бастайды. Яғни, егер матч 30-ы өтетін болса, билеттерді 20-нан бастап сатып алуға болады. Осы орайда баршаңызды тексерілмеген дереккөздерге сенбеуге шақырамын. Билеттер тек «Қайрат» клубының сайтында немесе оның әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында сатылады.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Қайрат #футбол #билетPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz