Ертең футболдан ұлттық құрама Бельгияға қарсы сырт алаңда ойнайды, деп хабарлайды 24kz.
Бұл матч 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу аясында өтпек. Қазақстан командасы Брюссельге жетті. Оларды әуежайда сол жақта оқып жүрген жерлестеріміз қарсы алды. Спортшылар отандастарымыздың ыстық ықыласына тәнті болып, жастарға ілтипат білдірді. Қазақстан мен Бельгия құрамалары ертең кездеседі. Ойын Астана уақыты бойынша түнгі 23:45-те басталады.
Тегтер #футбол #Қазақстан құрамасы #БрюссельPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz