Футбол клубтарын жекешелендіру командалардың болашағына оң әсер беретіні сөзсіз. Оған «Қайрат» клубы дәлел. Белгілі спорт сарапшысы Есей Жеңісұлы осылай дейді. Алматылық команда 2012 жылы жеке қолға өтті.
Содан бері талай жетістіктерге жетіп, тарихи нәтижелерімен жанкүйерлерін қуантып жүр. Бүгінде клубтың 2 академиясы мен бірнеше жаттығу базасы бар. Қазір ел чемпионатында жүрген футболшылардың 60 пайызы – “Қайраттың” түлегі.
Есей Жеңісұлы, спорт сарапшысы:
- Алғашқы сәттерде нәтиже жоқ болғанымен 2020 жылдан бері Қайрат 2 рет чемпион атанды. Қазақстан кубогы мен супер кубогын иеленіп жатыр. 1 рет Конференция лигасының топтық кезеңіне шықты. Биыл міне чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шығып отыр. Бұл біртіндеп баспалдақ аттай отырып жеткен жақсы нәтижелер деп айтуға болады. Қайрат еліміздегі талантты жас балаларды скауттық жүйемен тартып алады деген назын айтқандар болды. Шындығында онда ештеңе жоқ. Жұлдызы жануы мүмкін талантты жас футболшыны құрамға тартқаннан ешкім ұтылып жатқан жоқ.
Соңғы Уэльс пен Бельгияға қарсы матчтарда Қайраттың 8 түлегі ұлттық құрамаға шақырылған. Тіпті ел аузында жүрген Дастан Сәтбаев, Темірлан Анарбеков сынды ойыншылар Қайраттың академиясынан шықты. Иә, клубтарды жекешелендіру әлемдік тәжірибеде бар. Бірақ кәсіпкерлерге де мемлекет тарапынан көршілес Өзбекстандағыдай салық жеңілдіктері жасалса дейді, сарапшы.
Есей Жеңісұлы, спорт сарапшысы:
- Бізде ең қиын нәрсе логистика ғой. Мысалы Алматыдан Атырауға 3 күн ұшып бару керек. Оған 3 күн пойызда жүре алмайсың. Мұндай жағдайда салық жеңілдіктері болса команда иесіне жақсы болатын еді. Ол ақшасы логистикаға көп кетіп қалмас еді мысалы. Менің ойымша, мемлекет саған жекешелендіруге мүмкіндік берді әрі қарай өз күніңді өзің көр деп емес керісінше оған да жол ашу керек. Қазір тек жастар емес әйелдер командасын ұстау да, футзал командасын ұстау да табыс етіліп отыр. Осының бәрін дамытуға жол ашылатын еді.
Тегтер #спорт #футбол #жекешелендіру
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz