RU
Толық нұсқаға өту

Әлем біріншілігі: қоржында қос жүлде

14.09.2025, 17:07 433

Қазақстандық боксшы Санжар Тәшкенбай екі дүркін әлем чемпионы атанды.

Ол Ливерпульде өтіп жатқан біріншіліктің финалында Моңғолия өкілін қапы қалдырды. 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен отандасымыз Баттулга Алдаркишигке еш мүмкіндік бермей, төрешілердің бірауыз шешіміміен тізе бүктірді. Есеп – 5:0. Тағы бір отандасымыз Назым Қызайбай бұған дейін күмәс жүлдегер атанды. Қазақстандық боксшы 48 келіге дейінгі салмақтың ақтық жекпе-жегінде үндістандық Минакшимен қолғап түйістірді. Алғашқы раундта Минакши 4:1 есебімен басым түссе, екінші кезең 3:2 есебімен Назым Қызайбайдың пайдасына аяқталды. Дегенмен төрешілердің шешімімен үндістандық боксшы жеңіске жетті. Осылайша Назым Қызайбай Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы жүлдені салды.

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz