Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нариман Курбанов спорттық гимнастикадан Парижде өткен «Challenge Cup» кезеңінде алтын медаль иеленді.
Ат снарядындағы жаттығудың финалында Курбанов 15,066 ұпай жинап, жеңіске жетті. Екінші орынды армениялық Гамлет Манукян иеленді - 14,800. Үшінші орынға италиялық Габриэле Таргетта тұрақтады - 14,733. Зейнолла Ыдырысов төртінші орынға табан тіреді – 14,633.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Олимпиада #нариман курбановPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz