Қытайдың Шэньчжэнь қаласында теннистен Билли Джин Кинг кубогының ширек финалдық матчында Қазақстан мен АҚШ құрамалары кездесті.
Алғашқы болып кортқа Юлия Путинцева шығып, әлемнің 18-ракеткасы Эмма Наварромен өзара мықтыны анықтады. Тартысқа толы матчта америкалық теннисші 7:5, 2:6, 6:7 (6:8) есебімен жеңіске жетті.
Келесі кездесуде Елена Рыбакина әлемнің жетінші ракеткасы Джессика Пегуламен шеберлік байқасады.
Дереккөз: ҚТФ
Тегтер #теннис #спорт #ширек финалPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz