RU
Толық нұсқаға өту

Astana 2025 World Boccia Challenger

22.09.2025, 17:40 579

Қазақстан алты медаль жеңіп алды және халықаралық спорт аренасында жоғары бағаға ие болды. 2025 жылғы 27 тамызда Астанада Astana 2025 World Boccia Challenger халықаралық турнирінің жабылу салтанаты өтті. Бұл – Қазақстанда BISFed аясында өткен алғашқы халықаралық бочча турнирі. Жарыс 2028 жылғы Лос-Анджелес Паралимпиадасына іріктеу кезеңінің бөлігі саналады және оған 12 елден 56 үздік спортшы қатысты. 

Жарыстың жоғары ұйымдастырушылық деңгейін Боччаның халықаралық федерациясы (BISFed) өкілдері атап өтті. 
Мұндай ауқымдағы турнирдің өтуі елдің инклюзивті спорт пен халықаралық спорттық ынтымақтастықты дамыту жолындағы маңызды қадамы болды. Қазақстан әлемдік деңгейдегі параспорттық шараларды қабылдауға дайын екенін көрсетті.

Сегіз күнге созылған жарыс барысында көрермендер әсерлі әрі тартысты матчтарға куә болды, ал параспортшылар жоғары шеберлікті және жеңіске деген жігерді паш етті.

Қазақстан құрамасы сенімді өнер көрсетіп, жалпы алты медаль иеленді: екі алтын (Итиана Шыңғысханова, Балжан Бөлекпаева), екі күміс (Азамат Аязбаев, Ерхат Алмат), бір қола (Эльмира Мусралиева) және аралас жұптық сында алтын (Эльмира Мусралиева мен Азамат Аязбаев).

Astana 2025 World Boccia Challenger ұйымдастырушысы – Қазақстан бочча федерациясы. Турнир ҚР Туризм және спорт министрлігінің, Sport Qory қорының, «Самұрық-Қазына» АҚ, Eurasian Resources Group (ERG) және өзге де серіктестердің қолдауымен өтті. Олардың үлесі турнирдің табысты өтуіне және инклюзивті спорт кеңістігін қалыптастыруға ықпал етті.

Астанада турнирдің өтуі тек параспортшылар үшін ғана емес, елдің тұтас спорт экожүйесі үшін де маңызды кезең болды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz